Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еріктілер елдің қамын ойлайды

Еріктілер елдің қамын ойлайды
ашық дереккөз
Еріктілер елдің қамын ойлайды
Баршаға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл маусым айында Астана қаласында өткен халықаралық волонтерлер форумында сөйлегенде мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігі маңызды екенін атап өтіп, еріктілердің айрықша рөліне тоқталған болатын. – Қазақстанда 2020 жыл Еріктілер жылы болды, біраз шаруа атқарылды. Қазір еліміздегі волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті, яғни 680 ұйым бар. Еріктілердің саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақта фронт-офистер ашылды. Онда мыңдаған волонтер дайындықтан өтті. «Qazvolunteer.kz» платформасы жасалды. Яғни бүгінгі таңда Қазақстанда кез келген адам еріктілер тобына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Шын мәнінде, бұл – зор мүмкіндік. Сондай-ақ біздің волонтерлер Иордания, Кения, Тайланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдеріне алғыс айтамын, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осы орайда біздің жамбылдық ерікті жастардың белсенділігі де ерекше атап өтуге тұрарлық. Өңірде осы жылдың өзінде 13 мыңнан астам жас волонтерлікпен айналысуда. Бүгінде облыс аумағында 13 волонтерлік ұйым бар. Атап айтқанда, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Ақ Сұңқар», «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы», «Жібек жолы жастары», «Қазақстан волонтерлер лигасы», «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» қайырымдылықтан қалыс қалған емес. Сондай-ақ «Biz birgemiz», «Шаңырақ» қазіргі заман жастары эко-құқығы», «LIDER.KZ», «Волонтеры Тараза», «Жаңа-Ру жастар коалициясы», «Sunqar», «Жаса, жастар» волонтерлік ұйымының да қайырымдылық істерге қосып жүрген үлесі орасан. Сонымен бірге өңірде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлік топ құрылған. Сондай-ақ биыл облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан «Қамқор» еріктілер тобы өз жұмысын бастады. 2019 жылы облыстық басқарманың қолдауымен «Qamqor» әлеуметтік-қайырымдылық дүкені ашылған. Жоба аясында 15 мың отбасыға 44 мың тонна киім-кешек үлестірілді. Бұдан бөлек Волонтер жылы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 7,3 миллион теңгеге 21 ерікті жасқа 300 мың теңгеден гранттар бөлінді. Биыл волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 416 іс-шара өткізіліп, оған 20 683 жас қамтылды. Аталған іс-шаралар «Аяла», «Асыл мұра», «Білім», «Қамқор», «Саулық», «Сабақтастық», «Таза әлем», «Үміт», «Медиа-волонтерлік», «Мәдениет саласындағы волонтерлік», «Өзге де әлеуметтік волонтерлік» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Осы аталған жұмыстардың басым бөлігі облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен, «Жаса, жастар» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен атқарылып жатқанын атап өткім келеді. Бірлестік құрылған аз ғана уақыттың ішінде жүйелі жұмыс атқарып келеді десем, асыра айтқаным емес. Қазіргі уақытта Тараз қаласында әлеуметтік осал топ өкілдеріне, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Qamqor» қайырымдылық дүкенінің жұмысын жүргізудеміз. Осы дүкеннен 130-ға жуық көмекке зәру отбасы 1 тоннаға жуық тегін киім алды. Біріншіден, ол біздің осында отырған белсенді жастарымыздың еңбегі деп бағалаймын. Жастардың белсенділігімен нашақорлыққа қарсы акциялар өткізіліп, ықшамаудандарда орналасқан есірткіні жарнамалайтын граффити жазулар тұрақты түрде жойылып отыр. Жақында біз «Қоғам сақшысы» атты үлкен іс-шара өткіздік. Акция аясында еріктілер құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге түнгі рейдке қатысып, ойын-сауық орындарында, кафелер мен барларда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға атсалысты. Жоба барысында облыстық полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің және 100-ге жуық жас волонтерлердің қатысуымен тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздер мен байланыс нөмірлері бар граффити жазуларды жою бойынша 20 іс-шара өткізіліп, қала бойынша 700-ден астам жазба жойылды. Волонтерлік ұйымдарымыз өздері бірлескен түрде түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып отырады. Одан бөлек тұрақты түрде ірі кәсіпкерлермен бірлесе аз қамтылған отбасыларға азық-түлік және қажетті заттармен көмек көрсетуде. Облыстың ерікті жастары жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсету, қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту бойынша көптеген бастамаларға ұйытқы болды. Жарқын жобалар аясында волонтерлер жалғызілікті қарттар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етіп, үй шаруашылығына көмектесті. Денсаулық сақтау саласында, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және тағы басқа көмек көрсету жөніндегі «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасы аясында 64 іс-шара өткізілген. Одан бөлек «Өмір сыйла» жобасы аясында 200-ге жуық адам ерікті түрде қан тапсыруға тартылғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар облыстық қан орталығымен бірге донор болудың пайдасы мен саламатты өмір салтын ұстану бойынша тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жастардың рухани дамуы мен кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап сыйла» жобасы қолға алынып, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға тартылды. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы аясында «Өзіңнен баста», «Бұл – менің қоқысым емес, бірақ бұл – менің қалам» атты тазалық шаралары жүзеге асырылуда. Басқа да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл басында Түркия елінде болған үлкен зілзаладан зардап шеккен жандарға 10-11 ақпан аралығында облыстық жастар ресурстық орталығы тарапынан құрылған «AULIEATA JASTARY» штабына қала тұрғындары мен волонтерлер жылы киімдер, азық-түліктер мен гигиеналық заттар жинақтап, бауырлас мемлекетке жөнелтті. Осы оқу жылдарында студенттерге ерікті болудың ерекшелігін түсіндіру мақсатында облыстағы «Қазақстан волонтерлер лигасы» волонтерлері «Ерікті болу – ерлік» тақырыбында семинар өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әбілхайыр Құдыретәлі, «Жаса, жастар» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар