Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Электронды түрде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету туралы арыз берудің артықшылықтары

Электронды түрде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету туралы арыз берудің артықшылықтары
ашық дереккөз
Электронды түрде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметті көрсету туралы арыз берудің артықшылықтары
  Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінен бөлек, "электрондық үкіметтің" веб-порталы" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибеде көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы арызбен жүгінген кезде бұл мүмкіндіктерді пайдаланбайтынын көруге болады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты – қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі) басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығымен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде болады. Электронды өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Single Sign-On технологиясының көмегімен апостиль қою туралы арыз «Сот кабинеті» сервисіне түседі, онда арыздың электронды үлгісін, мемлекеттік баж, басқа да құжаттарды тіркеу туралы функционалын толтыру қажет. Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетiлгенi үшiн, әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталда тиісті құжаттарды жолдағаннан кейін бір жұмыс күні. Арыз берген күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліс. Портал арқылы апостиль қою туралы арызбен жүінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мынадай құжаттардың тізбесі қажет: 1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш; 2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі); 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); 4) көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (егер өзгерту Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды).    Л.Сырымбетова ҚР Сот әкімшілігінің  Жамбыл облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы                     
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар