Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік қызметші қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметші қоғам айнасы
ашық дереккөз
Мемлекеттік қызметші қоғам айнасы
Мемлекеттік қызмет ол қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген сенім болғандықтан, мемлекеттік қызметшіге кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттері мен моральдық-әдептілік бейнесіне жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұрғыда Әдеп кодексі әдеп стандарттарын белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби білімімен пайда келтірумен ғана шектелмей, адамгершілік тұрғыдан басқалар бой түзейтін тұлғалық болмысы қоғамға үлгі, халықтың сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс. Кодекспен белгіленген нормаларды қатаң сақтап, азаматтармен дұрыс қарым-қатынаста болу, олардың мәселелеріне тереңірек үңілуге ​​және оның шеңберінде өз өкілеттіктерін, мемлекет пен қоғамның мүдделерін ғана басшылыққа ала отырып, оларды шешуге бар күш-жігерін салып, кез келген жағдайда патриоттық, саяси бейтараптық пен заңға адалдық қасиеттерін көрсетуге тиіс. Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғарғы моральдық жауапкершілік пен  өз ісіне деген адалдық, адамгершілік қағидаларды қатаң ұстанған жағдайда елдің ертеңі нұрлы болып болмақ. Сондықтан Еліміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту жолында барлық күш жігерді жұмсап, абыроймен қызмет ету – мәртебелі міндет, мемлекетте оң өзгерістердің болуына әрбір мемлекеттік қызметшінің үлесі бар деп сеніммен айтуға болады.     Г.Турдыева Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша  Департаменті басшысының орынбасары                          
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар