«ЖҮГЕНСІЗ» КЕТКЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР
Осы жылдың 27-29 маусым күндері аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ішкі істер органдарына түрлі құқықбұзушылық жасаған 172 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 194 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сатудың 6 дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық орны анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 167 ата-ана және көңіл көтеру орындарының 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Облыста мектеп бітіру кештеріне арналған іс-шаралардың өткізіліп жатқанын ескереміз, осыған байланысты барлық ойын-сауық мекемелері, сондай-ақ жастар көп жиналатын орындар ерекше назарда болады.Кәмелетке толмағандардың демалуға және серуендеуге арналмаған орындары мен су айдындары ерекше алаңдаушылық туғызуда. Жыл басынан бері жеке үйлердің аумағында жас балалардың суға батып кетуінің 2 дерегі тіркелді, бұған тағы да ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын бақылаусыз қалдыруы себеп болып отыр. Ата-аналар балаларын тәрбиелеуде жауапкершіліктерін ұмытпауы керек, – деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Келесі мақала