ОБЛЫС БОЙЫНША 33 МЕКТЕПТЕ АСХАНА ЖОҚ
Қоғамда мектеп асханасына қатысты әр алуан пікір айтылып жатады. Әсіресе оқушыларға арналған тағамның сапасы мен бөлінетін қаржы мәселесі қоғамда жиі талқыланады.
Бүгінде облыстағы 445 мектептің 412-сінде, яғни 92,5 пайызында асхана бар. 2012 жылдан бастап мектеп асханалары кәсіпкерлерге жалға берілгені белгілі. Осы ретте мектеп асханаларын жалға алған кәсіпкерлердің саны – 37.
Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің айтуынша, биыл жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан 43 360 оқушыны тамақтандыруға 4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Тамақтың құны орташа есеппен 500 теңгені құрайды.
– 2023 жылы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныпта білім алатын 68 мыңнан астам оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2,6 миллиард теңге бөлінді.
Облыс бойынша 33 мектептің асханасы жоқ. Жаңа оқу жылынан бастап асханасы жоқ мектептердің оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Мәселен, асханасы жоқ 12 мектептің бір оқу кабинетінде ыңғайластырылған асхана дайындалды. 3 жақын орналасқан шағын орталықта ас дайындалып, мектептің 1 оқу кабинетінде ыстық тамақ берілуде және 18 мектепке жақын орналасқан мектептерден ыстық тамақ тасымалданып, жеткізілуде.
Бүгінгі күні аталған мектептерде 785 бала тамақтануда, – деді басқарма басшысы.
А.Орынбасарқызы
Келесі мақала