Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыстың бас имамы түзеу мекемесінде кездесу өткізді

Облыстың бас имамы түзеу мекемесінде кездесу өткізді
ашық дереккөз
Облыстың бас имамы түзеу мекемесінде кездесу өткізді
2023 жылдың 14 қараша күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 түзеу мекемесінің сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік психологиялық бөлімінің қызметкерлері әділет аға лейтенанты Сағымбаев Әділбек, әділет аға лейтенанты Мухамбетов Ахад және Бекмолдаев Бексұлтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевты арнайы шақырту арқылы, сотталған азаматтармен теріс діни ағымдардың зардабы туралы іс-шара өткізді. №59 мекемесіндегі топтық кездесуге Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан және ҚМДБ-ның облыстағы жат ағым бағытына жауапты маманы Сатылғанов Асқар қатысты. Ең алдымен сөз алған Бейбіт Мырзагелдиев кезінде жаза басып, қателікке бой алдырған азаматтарды сабырға шақырып, елді, отанды, туысқанды құрметтеуге шақырды. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол ‒ Қазақстан. Осы елдің дамуына үлес қосайық. Біздің туыстарымыз, бауырлармыз осында тұрады. Елге қызмет әр азаматтың міндеті деді. Сонымен қатар Бас имам жиын соңында Ислам жайында қазіргі таңдағы ашық интернет көздерінен ақпаратты абайлап пайдалану қажеттігін де баса ескертті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар