Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жуалы өңірінде жүйелі жұмыс бар

Жуалы өңірінде жүйелі жұмыс бар
ашық дереккөз
Жуалы өңірінде жүйелі жұмыс бар
Түгін тартсаң, майы шығатын Жуалы ауданы туралы ел арасында аңыз-әңгіме жетерлік. Жерұйықты іздеген Асанқайғы бабамыз өзінің желмаясымен жазиралы жерлер мен асқар тауларды аралап жүріп, шөбі шүйгін, суы тұнық, көркі әсем Жуалыға аялдаған. Табиғаттың осынау теңдессіз сұлулығына риза болған бабамыз: «Паһ, шіркін, әсем де көрікті өлке екенсің, алайда аумағың аттың сауырына сыярлық аядай жер болып шықтың», – деп өкініш білдірген деседі. Иә, «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді». Асанқайғы бабамыз талай жырына қосқан, қытай саяхатшылары сұлулығына сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалы Алатау мен қарт Қаратаудың бөктерінде жатыр. Еліміздің даму үрдісінен киелі Жуалы ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Тәуелсіздік жылдарында ауылдарымыз қайта түлеп, тұрғындардың да тұрмыс-тіршілігі біршама түзелді деуге болады. Аудан дамудың даңғыл жолына түсіп, тұрғындар мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың шапағатын шын мәнінде сезіну үстінде. Кешегі өтпелі кезеңде ауданның ауылшаруашылық саласында 1,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, «Ауыл жылдары» бұл көрсеткіш екі еседен астамға өсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары өңірлердің өркендеуі мен мемлекеттің дамуына, ұлт болашағына, ең бастысы, халық тұрмысының артуына кеңінен жол ашуда. Биылғы аудан бюджетінің есептік мерзімге жоспары 6 295 308 мың теңге болса, нақты түсім он айдың қорытындысы бойынша 6 424 696,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер 2 054 728,1 мың теңгеге орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 242 286,8 мың теңгеге артық түскен. Ал трансфертердің түсімдері есепті мерзімге 4 369 914 мың теңге болса, түскені 4 369 914 мың теңгені құрап, 100 пайызға орындалды. Аудан бюджетінің шығысына келер болсақ, есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 6 710 010 мың теңге, қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 6 486 710 мың теңге игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда 396 461,1 мың теңгеге қаржы игерімі артқан. Трансферттер қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 2 077 145,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 1 909 686,8 мың теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 383 197,2 мың теңгеге қаржы игерімі артқан. Ал төртінші бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 1 742 604 мың теңге, кассалық атқарылуы 1 698 738 мың теңгені құрады. Ауылшаруашылығы ауданымыздың асыраушы саласы екендігі белгілі. Биыл бұл бағытта бірқатар жұмыс жоспарланып, рет-ретімен іске асуда. Жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 216 334 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 95 447 гектар, ал суармалы жерлер 8 460 гектар болса, жайылым жерлер 114 559 гектар және шабындық жерлер 2 046 гектарды құрайды. 2022 жылы елді мекен айналасынан 5-7 шақырымда орналасқан жалпы көлемі 13 590 гектарды құрайтын 95 жер телімі анықталды. Билікөл ауылдық округіне қарасты 56 шаруа қожалықтың жалпы көлемі 10 144 гектарды құрайтын жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтармай-ақ ортақ пайдалануға беру туралы келісім алынды. Былтыр пайдаланылмай жатқан, 10 887 гектарды құрайтын 3 жайылым жер телімі анықталып, жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан ескерту берілді. Биыл облыстық жер қатынастары басқармасымен 10 000 гектар жер телімін қайтару жоспары бекітілген болатын. Бүгінгі таңда 810,6431 гектарды құрайтын 13 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Ауданның босалқы жер қорындағы жалпы көлемі 11 006 гектар болатын жайылым жер телімдерін ауылдық округтердің теңгеріміне беру туралы жерге орналастыру жобасын дайындауға қаржы бөлінді. Бүгінде 4 419 гектар жайылым жер телімдеріне жерге орналастыру жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта ауылдық округтердің елді мекендерге тиесілі жайылымдық алқаптары 15 425 гектарға ұлғаятын болады. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласында өндірілген өнім 37 038,9 миллион теңгені құрады. Ауданда мүйізді ірі қара малының аналығы 25 055 басты құрап, өндірілетін бір күндік сүт көлемі 120 000 литрден айналып отыр. Оның 88 000 литрі аудандық сүт өндеу зауыттарына өткізілсе, қалған 32 000 литрін халық өздері тұтынуда. Суғармалы жерлерді қалпына келтіру бағытында 2023 жылы 3 каналды жергілікті бюджет есебінен қайта жаңғырту көзделіп отыр. Биыл Дарбаза каналы бойынша сараптама жасалып, жобаның жалпы құны 153,7 миллион теңгені құрады. Ал Көксай №10 және Теке қамал каналдары 2024 жылға өтпелі. Сонымен қатар 2024 жылы Көксай №11, Госфонд, Көксай №2 ішкі шаруашылық каналдарына құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Ауылды дамыту және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында «Ауыл аманаты» жобасының тигізіп жатқан көмегі көп. 2019 жылы Ақтөбе, 2021 жылы Ақсай ауылдық округтерінің тұрғындары жобаға қатысып, байыпты бастаманың игілігін көруде. Ал 2023 жылы Жетітөбе, Қызыларық, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары құжаттарын ресімдеуде. Бұдан бөлек 2023 жылы «КТ Жуалы» несие серіктестігі арқылы барлығы 39 шаруа қожалық 453,260 миллион теңге, оның ішінде 15 шаруашылық «Кең дала» бағдарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарына 140,3 миллион теңге алды. 2022 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 14 шаруа қожалыққа 80 350 000 теңге берілді. Құрылыс саласында да едәуір ілгерілеушілік бар. Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша құрылыс көлемі 4 037,2 миллион теңге болып, 2022 жылмен салыстырғанда 104,1 пайызға артық орындалды. Қабылданған тұрғын үй құрылысының көлемі 13 640 шаршы метрді құрады. 2022 жылы Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Нысан 2023 жылға өтпелі. Одан бөлек тұрғындардың көп жылдан бергі сұранысы бойынша биыл Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылында да 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Оған 227 миллион 229 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ Б.Момышұлы ауылындағы «Достық» мәдениет үйінің жанынан жапсарлас құрылыс салу жұмыстарына 63 миллион 894 мың теңге бөлініп, игерілуде. Бүгінде бұқараны баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары да жүйелену үстінде. Бұл ретте былтыр мемлекеттік тұрғын үйдің кезегінде тұрған 18 отбасы қоныстой тойлады. Биыл да аудан орталығында 18 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Б.Момышұлы ауылында көпқабатты 10 үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары негізінде сараптама қорытындысы алынып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі таңда аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін 6 мыңнан астам адам кезекте тұр. Нақты айтқанда, 3 430 азамат қағаз түрінде, 2 861 азамат электронды негізде кезекке тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарға берілетін жер телімдерін арттыру мақсатында бас жоспарға сәйкес «2022-2025 жылға дейін дамыту картасы» әзірленген. 2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 220 миллион теңгеге 3 алқапқа инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда кезекте тұрған 186 жеке азаматқа тұрғын үй құрылысын салу үшін учаскелер беруге дайын. Сондай-ақ кезегі жоқ елді мекендердің ішінен 35 жер телімі берілген. Сонымен қатар Б.Момышұлы ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Сол сияқты Кәріқорған ауылындағы спорт мектебін қайта қалпына келтіру үшін биыл облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілген болатын. Аталған нысан бойынша «Bek stroy 2010» ЖШС құрылыс жұмыстарын 24 шілдеде бастап кетті. Қазіргі таңда қабырға қалау, шатыр орнату және күшейту жұмыстары 100 пайыз орындалған. Ертай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін жобаның сараптама қорытындысы алынып, 2023 жылға бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланып, мердігер «ТаразДизайнҚұрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын 29 тамызда бастады. Қазіргі таңда жер қазу, қоршау және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталып, қабырғасы қалануда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Нұрлыкент, Көлтоған және Қарасаз ауылдарында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Осы жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың қорытындысы бойынша облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Аудан тұрғындары тұрмысының сапасын арттыру жайы да жергілікті атқарушы органның тұрақты бақылауында тұрған аса маңызды мәселенің бірі. Олай болатыны, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруды және тұрмыстың жайлылығын қамтамасыз етуді қатаң тапсырып отыр. Бұл тұрғыда ауылдарға ауызсу құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін таулы аймақтағы Боралдай және Қошқарата ауылдық округтеріне толықтай ауызсу құбыры тартылды. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болған үш ауылдағы, атап айтқанда, Кәріқорған, Тасбастау және Бәйтерек елді мекендеріндегі ауызсу жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Ақтөбе ауылын ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Ауданда барлығы 49 елді мекен бар болса, бүгінгі күнге оның 42-сі ауызсумен толықтай қамтамасыз етілген. Одан бөлек өңірде орталықтандырылған ауызсумен қамтылмаған Түктібай және Ақтөбе ауылдарына таза су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім берілді. Сәтін салса, бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар 2024 жылы атқарылмақ. Ал халық саны аз Көктас, Қарасу, Амансай, Күркіреусу, Қазбастау елді мекендері ағымдағы жөндеу, кешенді блок-модуль орнату жұмыстары арқылы ауызсумен қамтылатын болады. Сонымен қатар Б.Момышұлы, Көлбастау, Күреңбел, Қайрат, Бақалы ауылдарында ауызсу жүйесі ескіруіне байланысты қайта жаңғырту, құрылыс жұмыстары жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге Қайрат, Бақалы елді мекендері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім өткізілді. Тұрмыстық игіліктің бірі табиғи газ екені белгілі. 2022 жылы Қошқарата ауылының кварталішілік газ тарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудан бойынша 45 елді мекен табиғи газбен қамтылып, қамту үлесі 91,8 пайызды құрады. Ал магистральді газ тарту желілері бойынша сараптама қорытындысы қараша айының соңында шығады деп күтілуде. Жалпы жоспарға сәйкес 2025 жылы аудандағы елді мекендерді таза ауызсумен және табиғи газбен толығымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жолдардың сапасы жақсарса, ауылдардың да экономикалық әлеуеті арта түсетіндігі сөзсіз. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 561,2 шақырымды құрайды. Биыл аудандық мәндегі «Шақпақата-Ынтымақ» автомобиль жолын орта жөндеу үшін 42 миллион теңге қаралып, мердігер тарапынан техникаларын түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2024 жылға өтпелі. 2023 жылы ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 714 миллион 729 мың теңгеге жалпы ұзындығы 27,7 шақырым автомобиль жолы орта жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылындағы және Қарасаз, Жетітөбе, Ақтөбе ауылдық округтеріндегі көшелерге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Жұртшылықты жұмыспен қамту жайы да күн тәртібінен түскен емес. Ауданда экономикалық белсенді халық саны 27 006 адамды құрайды. Есепті мерзімде ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 1 240 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайыз. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде ауданда биыл 4 333 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделген еді. 10 айдың қорытындысымен 3 524 адамға қолдау көрсетілді. Яғни жоспар 81,3 пайызға орындалды. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 518 адам өтінішпен жүгінді. Бүгінде 359 тұрғын оқуларын аяқтап, сертификат алды. Тағы бір айта кетерлігі, әлеуметтік осал топтар қатарындағы 73 азаматқа қайтарымсыз гранттар беру көзделген. Қазіргі таңда 66 қатысушыға жалпы сомасы 91 миллион 80 мың теңге қаражат берілді. Бизнесті дамыту мақсатында 26 жас азаматтың жобалары мен құжаттары «Агронесиекорпорациясы» акционерлік қоғамына жіберіліп, барлығына 118 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді. Сондай-ақ Ұлттық жоба шеңберінде 223 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. Ал қысқамерзімді кәсіптік оқуға 75 адамды жолдау жоспарланып, облыстық бюджеттен 18 миллион 323 мың теңге қарастырылған. Еnbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру бойынша 175 адам қатысып, сертификаттарын алды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 2 871 адамы бар 517 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, АӘК тағайындалды. Тағы бір айта кетерлігі, Жұмыс орындарын құру өңірлік картасы бойынша 45 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның барлығы Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы ақпараттық жүйесіне енгізілді. Бұл тұрғыда жалпы 189 жаңа жұмыс орнын ашу күтілген болатын. Қазіргі кезде жоспар артығымен орындалып, 196 жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың 10 айында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 22 жоба мақұлданып, 296 миллион теңгеге қаржыландырылды. Бағдарлама аясында инфрақұрылым тарту бойынша биыл 2 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Бұл меже өз мерзімінде орындалды. Мысалы, «ШақпақДорСервис» ЖШС-на орта қысымды газ жүйесін жүргізу құжаттары толықтай рәсімделіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан қаржы қарастырылғаны күтілуде. Екінші жоба – «Ахмадбекова» жеке кәсіпкерлігінің 5 000 басқа арналған құс фермасын салу бастамасы. Электр желісі және газ жүйесін жүргізу үшін тиісті құжаттары қайта жинақталып, бүгінгі таңда қаржы қаралды. Инфрақұрылым тарту бойынша мемлекеттік сатып алу базасы арқылы жұмыстар атқарылуда. Жоба құны 12 миллион теңгені құрайды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 28 маманға 144 миллион 900 мың теңге бюджеттік несие берілді. Бұдан бөлек біржолғы көтерме жәрдемақыға барлығы 60 маманға 20 миллион 700 мың теңге қарастырылып, толық төленді. Мамандардың бағалау актілері есебінен үнемделген 541 мың теңге қаржы республикалық бюджетке кері қайтарылады. 2023-2024 оқу жылында 10 322 оқушы білім алуда. Барлық оқушы оқулықтармен толық қамтылған. Білім бөліміне қарасты 39 мектептің барлығына 808 дана бейнебақылау камерасы және құлақтандыру жүйесі орнатылды. 13 мектептің бейнебақылау камерасы мен дабыл түймесі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қосылса, 6 мектеп турникетпен және арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. 9 орта мектепте 11 автобуспен 18 елді мекеннен 458 бала тасымалданып оқытылады. Биыл Б.Момышұлы ауылындағы Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназияға қосалқы ғимарат ретінде шеберхана және акт залының жапсаржайын салу жұмыстарына 235 миллион 623 мың теңге қаралып, игерілуде. Сонымен қатар №3 Т.Қошманбетов атындағы орта мектептің спортзал ғимараты жөнделсе, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектептің шатыры ауыстырылып, модульдік қазандық орнатылды. №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің мәжіліс және спортзалдардың едені жаңарды. Дана халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп тектен-тек айтпаған. Жалпы ауданда 47 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде аудандық аурухана мен емханадан бөлек 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 медициналық пункт бар. Алдағы 2025 жылға дейін денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы біршама реттелетін болады. Мысалы, биыл Теріс ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Сұрым және Жылыбұлақ ауылдарында 5 келушіге арналған медициналық пункт ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. 2024 жылға Ынтымақ, Талапты, Қызтоған, Көктас, Шымбұлақ, Қосмұрат, Бақалы, Жаңаталап ауылдарында 5 келушіге арналған медициналық пункт, Б.Момышұлы ауылындағы зертхана ғимаратына, Тасбастау, Ақтөбе ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылға Қарабастау ауылына дәрігерлік амбулатория, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ, Дарбаза ауылдарындағы медициналық пункт ғимараттарының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Соңғы үш жылда мемлекеттік қазынадан және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мәдениет саласы халықтың рухани дамуына ерекше әсер ететіні белгілі. Сондықтан өңірде мәдени-рухани іс-шараларды мазмұнды ұйымдастыру – басты назарда. Осы жылы Төле бидің 360 жылдығы, күйші-композитор Қ.Сағырбайұлының 220, Қазақстанның халық әртісі Б.Римованың 100, жазушы О.Бөкейдің, ақын, Алаш қайраткері М.Жұмабаевтың, композитор Ә.Бейсеуовтың, актер Т.Жаманқұловтың мерейтойларына орай өткізілген іс-шаралар жас ұрпақтың рухани байлығын арттырғаны анық. Биыл қасиетті өңірдің өміріндегі маңызды мереке ретінде Жуалы ауданының құрылғанына 95 жыл толған мерейтойына орай жалпы 35 іс-шара жоспарланып, барлығы жоғары деңгейде өткізілді. Жалпы мәдениет саласын дамыту мақсатында өңірде 670 іс-шара ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарына мәдени құндылықтарымызды дәріптеп жүрген 1 аудандық, 21 ауылдық мәдениет үйі және 1 аудандық, 1 балаларға арналған, 23 ауылдық кітапхана мен 1 өлкетану мұражайы және Б.Момышұлының мұражайы қызмет атқарып келеді. Әрине, ауданда атқарылған жұмыстарды бір мақалаға сыйдыру әсте мүмкін емес. Дегенмен сан салада серпіліс бар екенін айтуымыз керек. Мемлекет тарапынан қолға алынған реформалардың нәтижесінде Жуалы өңіріндегі жүйелі жұмыстар одан әрі жалғасын таба беретін болады. Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар