Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Стратегиялық бағдардың сабақтастығы

Стратегиялық бағдардың сабақтастығы
ашық дереккөз
Стратегиялық бағдардың сабақтастығы
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Тelegram»-дағы ресми парақшасында елдегі саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларында айтылған мәселелер орындалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Президентке халықтың сенімі жоғары екеніне тоқталды. Е. Қарин: «Осыдан бір жыл бұрын өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 80 пайызы дауыс берді. Бұл көрсеткіш халықтың Президентке сенімі жоғары екенін айқын аңғартты. Мемлекет басшысы 2019 жылы жүзеге асыра бастаған ауқымды әрі жан-жақты реформалар ол қайта сайланғаннан кейін де дәйекті түрде жалғасын тапты. Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты. Нәтижесінде Парламенттің қос палатасының және мәслихат сайлауы өтіп, олардың құрамы едәуір жаңарды», деп жазды. Сонымен қатар ол екі апта бұрын елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткеніне тоқталған. Осылайша еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді. Сондай-ақ Е.Қарин: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдары Қазақстан қоғамының барлық саласын қанаттастыра реформалауға бағытталған. Сондықтан Президент өзінің қыркүйектегі Жолдауында еліміз жаңа экономикалық модельге көшетінін жариялады. Бұл қадам экономиканы одан әрі монополиясыздандыру мен әртараптандыруды, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, көлік пен логистиканы, қаржы саласын дамытуды, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсетуді көздейді. Саяси және экономикалық реформалармен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асырылады. Ондағы мақсат – білім беру, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру», – деді. Мемлекеттік кеңесшінің сөзіне сүйенсек, Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған негізгі бастамалар биыл жүзеге асырыла бастаған. Оның қатарында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, заңсыз жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді елге қайтару сияқты бастамалар бар. Мемлекеттік кеңесші: «Жалпы Президент стратегиясының барлық бағыты – саясат, экономика және идеология үшеуі біріккенде елімізді жүйелі түрде жаңғыр-туды көздейтін біртұтас бағдарламаны құрайды», – дейді. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар