Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚМДБ коллагенге қатысты үкім шығарды

ҚМДБ коллагенге қатысты үкім шығарды
istockphoto.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) коллагеннің шариғаттағы үкімі оның қандай шикізаттан алынғанына байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазіргі кезде коллаген косметикалық өнімдер мен тағамдық қоспалар құрамында кеңінен қолданылады. Ол жануарлардың сүйектері, терілері, сіңірлері, құс шеміршегі мен балық қабыршағынан алынады.

Діни басқарманың түсіндіруінше, шошқадан алынған коллаген харам болып саналады. Исламда шошқадан алынатын өнімдердің барлық түрін қолдануға тыйым салынған.

Ал балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат етіледі, себебі балық адал және оны бауыздау талап етілмейді. Сонымен қатар еті желінетін әрі шариғат талаптарына сай сойылған сиыр, қой және құстардан алынған коллагенді да пайдалануға болады.

ҚМДБ мәліметінше, еті желінбейтін жануарлардан немесе шариғат жолымен бауыздалмаған малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрамы толық өзгеріп, бастапқы болмысынан түбегейлі айырылған жағдайда ғана рұқсат етілуі мүмкін.

"Еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға – рұқсат. Шошқадан алынған коллаген – харам. Еті желінбейтін жануардан немесе шариғатқа сай бауыздалмаған еті желінетін малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат", – делінген Ғұламалар кеңесінің шешімінде. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар