Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тарифтік саясаттың тиімділігі қандай?

Тарифтік саясаттың  тиімділігі қандай?
ашық дереккөз
Тарифтік саясаттың тиімділігі қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы желілердің тозғанына тоқталып, «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу туралы айтқан еді. Бұл жаңашылдық инфрақұрылымға инвестиция салуды және ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мониторинг жүйесіне қатысуды көздейді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартуға «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатына көшуді қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама бекітілген. Енді осы бағдарламаны іске асыру барысында 2023-2029 жылдарға 3 мың шақырымға жуық коммуналдық желілерді, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту үшін 400 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіпті. Бұл 2029 жылға қарай желілердің тозуын шамамен 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Биыл жыл басында «Табиғи монополиялар туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Осы жөнінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ибраева тарқатып айтып берген еді. Басқарма басшысы: «Қабылданған түзетулер шеңберінде осы жылдың екінші тоқсанында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті сумен жабдықтау және су бұру саласында тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге қатысты 30 өтінім бекітті. Бұл шаралар табиғи монополиялар субъектілеріне қосымша инвестиция тарту есебінен жөндеу жұмыстарын ұлғайту жолымен коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға 20 пайызға төмендетуге жол ашады. Сондай-ақ авариялар санын, ажыратулар мен шығындарды азайтуға, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын және сенімділікті жақсартуға мүмкіндік береді», дейді. Осының есесіне табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің жалақысын салалық орташа көрсеткішке дейін арттыруға болады екен. Мысалы, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы шамамен 50 мың қызметкердің табысын 135 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ұлғайту жоспарланыпты. Сонымен қатар 2,7 мың шақырымнан аса иесіз сумен жабдықтау және су бұру желілерін сенімгерлік басқаруға, коммуналдық меншікке беру көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық ұйымдардың консультанттарын тарта отырып, тарифтік әдіснаманы реформалау бойынша жұмыс үйлесім тапқан. Жаңа тәсілдер салаға ұзақмерзімді инвестицияларды тартуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Одан әрі тарифтік саясат тұтынушының қаражатын мақсатты пайдалануды қатаң бақылаумен, халықтың мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдаумен, табиғи монополиялар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жария¬лылығын қамтамасыз етумен сүйемелденеді. Бір сөзбен айтқанда, тарифтік саясат сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жұмысын одан әрі сенімді қамтамасыз ету үшін инвестиция тартуға бағытталған. Сәндібек АСАНӘЛІ, журналист
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар