Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа құжат – кадастрлық паспорт

Жаңа құжат – кадастрлық паспорт
ашық дереккөз
Жаңа құжат – кадастрлық паспорт
Жаңа құжат бір уақытта екі түрде – қағаз және электрондық түрде беріледі. Бұл ретте бұрын берілген барлық қолданыстағы мемлекеттік актілер мен пәтерлерге/үйлерге арналған техпаспорттар өз күшін сақтайды. Кадастрлық паспорттар негізінен жаңа объектілерге ресімделетін болады. Қайталама меншік иесінің қалауы бойынша немесе объектілерді қайта тіркеу кезінде қолданылады. Қайта тіркеу дегеніміз – пәтерлерді, үйлерді және басқа жылжымайтын мүлікті қайта құру, қайта жабдықтау, нәтижесінде техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгереді. Кадастрлық паспорт объектілерді бөлу немесе біріктіру кезінде, құқық белгілейтін құжаттағы сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жылжымайтын мүлік объектісінің нақты деректерімен сәйкессіздіктері анықталған кезде де қажет болады. Сәйкессіздіктер ауданы, қабаты, бөлмелер саны, құрылыс материалдары бойынша болуы мүмкін. Жер учаскесіне кадастрлық паспорт нысаналы мақсаты, учаскенің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, бұрын берілген актілерді бөлу, біріктіру, ауыстыру кезінде, учаскені аукционда сатып алу, бұрын жалға берілген жер учаскесінің меншігіне ресімдеу кезінде дайындалады. Жаңа құжатта сәйкестендіру және техникалық мәліметтер көрсетіледі: мекен-жайы, мекен-жайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, үй сериясы, үйдің қабаты, пәтердің қабаты, тұрғын үй алаңы, бөлмелердің ауданы мен саны, қабырға материалы. Құрылыстар болмаған жағдайда паспортта тек учаске бойынша ақпарат көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық паспортты енгізу Қазақстанда жаңа ақпараттық жүйенің – жылжымайтын мүлік тіркелімі мен жер кадастрының базаларын біріктірген жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының іске қосылуымен байланысты. Бұл учаскелерге құқықтарды ресімдеуді ашық және толық автоматтандыруға мүмкіндік берді, артық құжаттарды алып тастады, ең бастысы – жер учаскесін беруді қарау ұзақтығы бір жылдан 30 күнге дейін қысқарды.   Даныш СҰЛТАНБЕКОВ,  Жамбыл облыстық  әділет департаментінің бас маманы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар