Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отбасылық құндылық дәріптелді

Отбасылық құндылық дәріптелді
ашық дереккөз
Отбасылық құндылық дәріптелді
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Елу жылда – ел жаңа» үкіметтік емес ұйымының ұйытқы болуымен Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылшаруашылық колледжінде «Жас отбасы» ақпараттық курсын ұйымдастыру бағыты бойынша «Отбасының тұрақтылығы, өзара қарым-қатынас пен некені сақтаудың маңыздылығы» тақырыбында студенттерге дәріс өтті. Жиында аталған ұйымның төрайымы Шарапат Сүйімқұл сөз сөйлеп, студенттерге лекция оқыды. Өз сөзінде ұйымдастырушы: «Әр отбасы – мемлекеттің кішкентай бөлшегі. Оның бастауы, негізі әке болса, жанұяны сақтау тікелей әйелге байланысты. Осы екеуінің алдында бала болашағы деген ұғым бар. Екі саналы жас бірлесе ұл-қыз тәрбиелей отырып, үлкендермен қарым-қатынасты орнату, отаншылдық сезімді қалыптастыруды бойына сіңіреді», деді. Сонымен қатар жиынға қатысқан құқық қорғау, әлеуметтік сала мамандары мен психологтар тақырып төңірегінде атқарылған жұмыстарды баяндап, жастарға өмірлік өнегелерін айтты. Студенттер де мамандарға өз сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Нұрым СЫРҒАБАЕВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар