Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жанұяңды сақтап қалу маңызды

Жанұяңды сақтап қалу маңызды
ашық дереккөз
Жанұяңды сақтап қалу маңызды
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде «Елу жылда – ел жаңа» үкіметтік емес ұйымының ұйытқы болуымен Тараз қалалық полиция бөлімшесі арнайы қабылдау орнында «Отбасын қолдау мектебі: білім беру мектебін ұйымдастыру» бағыты бойынша «Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында агрессорлар арасында тренинг өтті. Жиында отбасы құндылықтары, жанұяны сақтап қалудың маңыздылығы жайы сөз болды. Барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Зерттеулер бойынша, оның басты себептерінің бірі – маскүнемдік, жұмыссыздық және басқа да әлеуметтік жағдайлар. Аталған іс-шара барысында психолог маман семинардың маңыздылығына тоқталып, отбасылық тұрмыстық қатынастар барысында жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту туралы баяндама жасады. Ал құқық қорғау қызметкерлері орталықтың қызмет алушыларына жұмыспен қамту шараларын жеткізіп, облыс орталығы Тараз қаласында қажет ететін бос жұмыс орындарын ұсынды. Нұрым СЫРҒАБАЕВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар