Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауіпсіз қала: Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Қауіпсіз қала: Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Қауіпсіз қала: Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елді мекенде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда рейд жүргізеді.

Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте айтылған тапсырмалары аясында облыстық полиция заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бағытында жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 width=

Осыған орай, сондай-ақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында «Қауіпсіз қала – Безопасный город» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Науқан вандализм деректерінің, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Арнайы мобильді топтар құрылып, жұртшылық іс-шараға барынша тартылды.

Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елді мекенде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда рейд жүргізеді.

Осыған байланысты, Жамбыл облысының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік танытуға, қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар