Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

8 «Telegram»-бот бұғатталды

8 «Telegram»-бот бұғатталды
ашық дереккөз
8 «Telegram»-бот бұғатталды
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың құпиялылығын және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігін бұзатын «Telegram»-боттың қызметін тоқтатты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Telegram»-боттардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «Telegram» әкімшілігімен өзара іс-қимыл кезінде 8 «Telegram»-боттың қызметі бұғатталды. Бұл ретте жуырда азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген «Telegram»-боттың қызметі тоқтатылды. Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай «Telegram»-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз. Мұндай «Telegram»-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, «өзі туралы» бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін. Министрлік осындай «Telegram»-боттар анықталған жағдайда азаматтардың дербес деректерді қорғау құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін министрлікті бұл жайлы тікелей хабардар етуді сұрайды. Жасұлан Бақытбекұлы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар