
Балаларға арналған қарапайым ережелер
Жуырда Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар мен нұсқаулар жарияланды.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және жалпы интернет желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмау үшін балалар төмендегі мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:
- ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата-аналардың, туыстарың, достардың деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, оқу орны, телефоны, фотосуреттері және т.б.) желінің басқа пайдаланушыларына хабарлауға болмайды. Бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да;
- интернет-сайттар мен әлеуметтік медиа пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттері, немесе тіпті балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек;
- интернет қолданушылары тарапынан қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында, олар сізге жеке, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін оларды қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде сіз бұл туралы ата-анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және өзге де туыстарыңызға дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.
- ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының тапсырмаларын немесе нұсқауларын орындамаңыз.
Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн-сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.
- өзіңізге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын бұл қосымша не үшін қажеттігі туралы интернеттен оқыңыз.
Жасұлан Бақытбекұлы
Келесі мақала