Заң
Жамбылда кәсіпкерлердің құқықтарын шектегені үшін мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы жауапкершілікке тартылды
- author AR-AY
- 15 қараша, 2023
- 153
Жамбылда кәсіпкерлердің құқықтарын шектегені үшін мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет салықтық әкімшілендіру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары шектелгенін анықтады. Бағынысты қызметкерлерінің әкімшілік құқықбұзушылықтары үшін мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына
кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі бойыша 700 АЕК құрайтын 7 әкімшілік хаттама толтырылды.
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Kaspi Pay» ЖШС-нің қаржылық айналымдары туралы деректеріндегі сәйкессіздіктерге сүйене отырып, 7 кәсіпкердің шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарған.
Талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп тиісті ұсыныстар енгізу нәтижесінде бұйрықтардың күші жойылып, тәжірибе тоқтатылды.
Келесі мақала
Салық саласында серпіліс бар
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024