Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Антикор Жамбыл Байзақ ауданының кәсіпкерлері үшін су бағасын төмендетті

Антикор Жамбыл Байзақ ауданының кәсіпкерлері үшін су бағасын төмендетті
ашық дереккөз
Антикор Жамбыл Байзақ ауданының кәсіпкерлері үшін су бағасын төмендетті
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген мониторинг барысында «Байзақ су» КМК ғимараттар мен персоналды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды негізсіз қосу есебінен кәсіпкерлер үшін су тарифін көтергенін анықтады.
Департаменттің ұсынысы бойынша тарифтен негізсіз шығындар алынып тасталып, кәсіпкерлік субъектілер үшін судың текше метрі 167,46 теңгеден 161,34 теңгеге дейін төмендетілді.
Сонымен қатар, осыған дейін «Байзақ су» КМК басшылығының ауыз су есептегіштеріне пломба орнатқаны үшін 149 жеке тұлғадан және 8 бизнес субъектісінен ақы алу фактісі анықталған. Департамент енгізген ұсынысынан кейін, ақы алу практикасы тоқтатылып, пломба орнатқаны үшін төленген ақша кәсіпкерлік субъектілеріне кері қайтарылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар