Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРЫН ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРЫН ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
ашық дереккөз
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРЫН ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, ақын, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаманмен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы еліміздің әдебиеті мен журналистикасына еңбек етіп жүрген Хамит Есаманды жаңа жинағымен құттықтап, өңір руханияты жайында, шығармашылық адамдарды қолдауға қатысты пікір алмасты. Бұған дейін бірнеше жыр жинақтары жарық көрген ақынның жақында ғана «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен «Фәни-Құбылыс» атты жаңа кітабы қалың оқырманға жол тартты. Қабылдауда аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы Хамит Есаманды жаңа жыр жинағының шығуымен құттықтап, өмірде сәттілік, шығармашылығына жаңа табыс, шалқар шабыт тіледі. Сондай-ақ облыс әкімі қаламгерлерге қолдау көрсететінін жеткізді. Еске сала кетсек, Х.Есаманның бұл кезекті өлеңдер жинағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы аясындағы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы «Дәуір» баспасынан 3000 таралыммен жарық көрді. Мазмұны «Жүректен өрген қоңыр күй», «Қаламда тұнған қара шер», «Көзімде қалған мұң-шырақ», «Тағдыр мен тамыр таңбасы» атты төрт бөлімнен тұратын жыр жинағына негізінен ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары енгізілген. Мұнда ақын адам, қоғам, заман туралы ойларын өлең тілімен өрнектейді. Азаматтық лирикамен қоса, махаббат, балалық шақ тақырыбындағы жырлары да қамтылған. Сонымен қатар бірқатар поэмасы да топтастырылыпты. Ал кейінгі жылдары талай қаламгердің жүрек түпкіріндегі жыр жолдары мен прозалық туындаларының жарық көруіне мұрындық болып, ұлттық әдебиетімізге соны серпін әкелген «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы – қазақ әдебиетінің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған туындыларын жарыққа шығаруды көздейтін бірегей жоба. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар