Отбасы мүшелерімен танысты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде бүгінгі таңда қызмет ететін жас қызметкерлердің қатары көбейген. Бұл ретте департамент пен аталған мекеме басшылығы өз ізбасарларының отбасымен тікелей байланыс орнатқан. Мәселен, дәл осы мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай әріптестері жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Руслан Балықбаев пен бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Елнұр Бақтиярұлының жанұясымен танысып қайтты.
Жылы жүздесу барысында Ә.Масатбай ҚАЖ саласында қызмет ету оңай еместігін айта келіп, осы орайда әрбір қызметкерге жақындарының қолдауы ауадай қажеттігін жеткізді. Ол өз сөзінде замандас әріптестеріне тиісті қолдауын аямайтын отбасы мүшелеріне алғысын білдірді. Айта кетейік, 2018 жылдан бастап осы салада жұмыс істейтін Р.Балықбаев 2 ұл, 3 қыздың әкесі. Ал, Е.Бақтиярұлының құқық қорғау саласында қызмет атқарғанына жақында бір жылдың жүзі болады.
Келесі мақала