Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАюда

КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАюда
ашық дереккөз
КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАюда
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясындағы Қазақстанмен достық тобына мүше депутаттармен кездесті. Сенатор өз сөзінде Корея Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамыды және рекордтық көрсеткіштерге жетті. Сенатор сонымен қатар еліміздегі негізгі құрылымдық экономикалық реформалар туралы айтып, жүргізіліп жатқан өзгерістер сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. «Өңдеу секторын дамытуға басты назар аударылады. Металдарды терең өңдеу, мұнай химиясы, ауыр машина жасау, уранды байыту сияқты салаларда ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта шетелдік және отандық инвесторлар алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босатылады. Бұл – нақты өңдеу саласына елеулі серпін беруге тиіс негізгі мәселе. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылады. Цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелері де басты назарда болады», деді С.Алдашев. Кездесуге қатысушылар ақпараттық технологиялар, цифрландыру, жасыл экономиканы ілгерілету, кибер­қылмыспен күрес, машина жасау, тау-кен өндірісі және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кореядан келген делегаттар іс-шара соңында Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтындарын және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екендерін атап өтті. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар