Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Діни бірлестік өкілдерінің додасы

Діни бірлестік өкілдерінің додасы
ашық дереккөз
Діни бірлестік өкілдерінің додасы
Тұрақтылықты, елдің тұтастығын сақтаудың негізі – конфессияаралық және этносаралық келісім мен мызғымас бірлік. Осы орайда өңірдің діни бірлестіктерінің өкілдері үшін спорттық іс-шаралар өткізу де игі дәстүрге айналған. Бұл бастама конфессияаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігі сөзсіз. Жуырда «Рухани келісім күні» аясында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінің базасында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы аймақтағы діни бірлестіктер командаларының қатысуымен бірнеше спорт түрі бойынша спартакиада ұйымдастырды. Спартакиаданы облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев ашып, барлық қатысушыларды осы жарқын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ облыстың бас имамы Б. Мырзагелдиев, орыс Православие шіркеуінің өкілі В.Зайцев және Рим-Католик шіркеуінің өкілі З.Бигда сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады. Сөз сөйлеушілер тәуелсіз мемлекетіміз үшін конфессияаралық диалог пен рухани келісімнің маңыздылығын атап өтіп, өзара түсіністікті одан әрі нығайту ісіндегі еліміздің саясатына қолдау білдірді. Ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктер өкілдері күні бойы кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту бойынша сынға түсіп, шеберліктерін байқатты. Спартакиада қорытындысында спорттық ойындардың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «АR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар