Әскери есеп жаңа форматта жүзеге асырылады
Цифрландыру жұмыстары әскери салаға да оң ықпалын тигізуде. Яғни әскери есеп жүргізу 8 қарашадан бастап жаңа форматқа көшеді. ҚР Қарулы Күштерінің жүргізіп жатқан цифрлық трансформациясы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.
Енді тұрақты тұратын жерін ауыстырған кезде әскери комиссариаттарға немесе ХҚКО-ға жүгірудің қажеті жоқ. Мекенжайы өзгерген кезде сіздің әскери есебіңіз автоматты түрде өзгертіледі. Әскери қызмет өткермеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамдарға да бұдан былай әскери билеттерді алу үшін жүгінудің қажеті жоқ. Оларға әскери билеттер берілмейді. Оның орнына әскери міндеттіліктің мәртебесі, оның әскери есебі «е-Gov» жеке кабинетінде көрсетіледі.
Жұмысқа орналасу кезінде енді әскери қызметке қатысты анықтамалар алу үшін әскери комиссариатқа барып жүрмейсіз. Сіздің жұмыс берушіңіз бұл ақпаратты «e-Gov»-та өз бетінше көре алады. Сондай-ақ шетелге тұрақты тұруға барған кезде әскери комиссариаттардан бас тартудың қажеті жоқ. Қорғаныс істері жөніндегі құзырлы органдар қажетті ақпаратты көші-қон қызметіне береді.
Жаңа форматтың арқасында бұрынғыша мемлекеттен жеңілдіктер алу үшін растайтын анықтамалар алу үшін әскери комиссариаттардың есігін аралап жүруден арыла аласыз. Біз бұл ақпаратты сұраныс кезінде Еңбек министрлігіне береміз.
Ең негізгі өзгерістердің бірі – 17 жастағы балаларға жеке істі жинап, әскери комиссариатқа тіркелу үшін әскери комиссариатқа барып жүру процесі толығымен жойылды. Бұдан былай тіркеу жүйелердегі қолда бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар зейнеткерлікке шықпас бұрын әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама алу үшін әскери комиссариаттарға жүгініп жату маңызды емес. Қажетті ақпарат зейнетақы төлемдерін есептеу жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тағы бір жағымды жаңалық – «e-Gov»-тағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе немесе жоқ болса әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Сіз «e-Gov»-тан тікелей растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтерді түзету үшін өтініш бере аласыз.
Инновациялар Мемлекет басшысының «Көрінбейтін Үкімет» «Invisible Government» құру туралы талаптарына толық сәйкес келеді. Жаңа формат ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілген интеграциялық өзара іс-қимылының арқасында қолжетімді болды.
Қуаныш СИМТИКОВ,
облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, полковник
Келесі мақала