Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аудан әкімдерін халық өзі сайлады

Аудан әкімдерін халық  өзі сайлады
ашық дереккөз
Аудан әкімдерін халық өзі сайлады
Тәуелсіз елімізде алғаш рет аудан әкімдерін халық сайлады. Бұл саяси бәсекеден Жамбыл облысы да тыс қалған жоқ. Айта кетейік, 5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық негізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекіткен. Өңірлерде барлығы 1491 аудандық және қалалық сайлау учаскелері жұмыс істеп, сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілген. Дүйсенбі күні облыстық сайлау комиссиясы 5 қараша күні Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында өткен сайлаудың қорытындысын жариялады. Сайлау комиссиясының мәліметінше, аталған екі ауданда әкім лауазымына барлығы 15 кандидат ұсынылған. Кандидаттарды тіркеу кезеңінде олардың бесеуі өз өтініштерін қайтарып алса, төртеуін талапқа сай болмағандықтан комиссия тіркеуден бас тартқан. Тіркеуден өткен 6 кандидаттың екеуі «Amanat» партиясынан болса, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Саяси науқанға дайындық барысында Жуалы ауданында құрылған 39 сайлау учаскесінде барлығы 31323 сайлаушы тіркелді. Оның ішінде 19720 (62,96 пайыз) адам дауыс беру мүмкіндігін пайдаланған. Аудан әкімдерін сайлау бойынша дауыс берудің қорытындысын жариялаған облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Жуалы ауданында сайлауға үш кандидат түсіп, Нұржігіт Бөлекбаев 1505 дауыс жинаса, Жалғас Мұртаза 16520 дауысқа ие болған. Ал сайлаушылардың 1158-і Жәнібек Мырзалиевке дауыс берген. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 289 болды. Сайлау қорытындысы бойынша Жуалы ауданының әкімі болып 84,8 пайыз дауыс жинаған Жалғас Мұртаза сайланды. Жалғас Мұртаза бұған дейін аталмыш ауданның әкімі қызметін атқарып келген. Ал Т.Рысқұлов ауданы бойынша 35 сайлау учаскесінде 40419 азамат дауыс беруге мүмкіндік алды. Жексенбіде өткен сайлауда Т.Рысқұлов ауданы әкімін сайлауға дауыс беруге барлығы 40261 адам қатысқан, бұл сайлаушылардың 56,12 пайызын құрайды. Т.Рысқұлов ауданында 20541 (50,82 пайыз) адам дауыс беру мүмкіндігін пайдаланған. Жекелей тоқталсақ, 1804 сайлаушы Бақытбек Аблазимовты, 16179 сайлаушы Ернар Есіркеповті, 1891-і Сапар Құлмановты жақтап дауыс берген. Сайлауға қатысқандардың 309-ы «Барлығына қарсы» екенін көрсеткен. Сайлау қорытындысы бойынша Ернар Есіркепов те Т.Рысқұлов ауданының әкімі болып қайта сайланды. Қос ауданда орналасқан 74 сайлау учаскесінде сайлаудың өту барысын 419 байқаушы бақылаған. Оның 135-і кандидаттардың сенімді өкілі, 105-і саяси партиядан, 25-і БАҚ өкілдері болса, қалғаны қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың атынан қатысқан. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар