Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ЖЕМІСІ

КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ЖЕМІСІ
ашық дереккөз
КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ЖЕМІСІ
Жуырда өңірдің діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Рухани келісім» күнін мерекелеу құрметіне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінің базасында спартакиада өтті. Жиынның алғы сөзін облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев алып, барлық қатысушыларды жарқын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, орыс Православие шіркеуінің өкілі В.Зайцев пен Рим-Католик шіркеуінің өкілі З.Бигдаға сөз берді. Олар өз сөздерінде конфессияаралық диалог пен рухани келісімнің мемлекетіміз үшін маңызды екендігін атап өтті. Ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен спорттық жарыстар кіші футбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту бойынша өтті. Төрешілер құрамы командалар арасындағы жеңімпаздарды нәтиже бойынша іріктеп, үздік шыққан команданы диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.   «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар