Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИГІЛІКТЕ ИГІЛІКТІ ШАРУА КӨП

ИГІЛІКТЕ ИГІЛІКТІ  ШАРУА КӨП
ашық дереккөз
ИГІЛІКТЕ ИГІЛІКТІ ШАРУА КӨП
Сарысу ауданы, Игілік ауылдық округінде жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек бойынша 6 отбасының өтініші қаралып, оларға 1 977 120 теңге қаржы төленген. Сонымен қатар ауылдық округте аз қамтылған 12 отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік пакеттері, қысқы қатты отын, қаржылай көмектер берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Игілік ауылдық округінің әкімі Жандос Жанайдаров айтты. Айтуынша, биыл жастардың көктемгі және күзгі әскер қатарына баруын қамтамасыз ету барысында ауылдық округ бойынша 90 бала әскерге шақырылып, 11 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына жіберілген. Ал ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылығы болғандықтан, округ әкімі аталған салаға арнайы тоқталды. – Бүгінгі күнде ауылда 2 724 мүйізді ірі қара, 24 852 қой-ешкі, 989 жылқы, 381 түйе бар. Ауылдық округте 132 шаруа қожалық болса, оның 105-і егіс егумен айналысады. Диқандар 2 862 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырып. өнімдерін жинап алды. Саралай айтсақ, 600 гектар жүгеріден 55 970 центнер, 335 гектар күздік бидайдан 2 177, 420 гектар арпа дақылынан 2 688, 900 гектар мақсары дақылынан 3 870 центнер өнім алынды. Егістік жер алқабын тыңайтып, ауыспалы егіс жүйесін пайдаланатын диқандар 600 гектарға жоңышқа отырғызса, оның ішінде жаңа жоңышқа 300 гектарды құрап, 39 864 центнер өнім алынды. 7 гектар бақша өнімдері егілді. Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Барлығы 14 300 тонна мал азығы дайындалды, – деді Ж.Жанайдаров. Сондай-ақ ол мемлекеттік қолдау шаралары туралы да тілге тиек етіп, «Ауыл аманаты» және «Жайылымды суландыру» бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды да жіпке тізгендей етіп айтып берді. Оның айтуынша 7 шаруа қожалық 126 миллион теңгеге құдық қаздырып, шаруалар 63 миллион теңге инвестициялық субсидия алған. Ал «Кеңдала» бағдарламасы арқылы қысқамерзімге 1 шаруа қожалық 8 миллион теңге несие алып, көктемгі дала жұмыстарына дизель отынын және тұқым сатып алған. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар