Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
ашық дереккөз
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен болатын. «Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту», деді министр. Осыған орай Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. – Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттің қатарында білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу және дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту, отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру қарастырылады. Бұл орталықтың жұмысына барлық ұстаздар қауымы мен ата-аналар белсенді қатысады деп сенемін. Мектеп директоры Әсем Ибрашқызы мен ұстаздар қауымын осындай орталықтың ашылуымен құттықтаймын, – деп өз игі тілегімді жеткіздім. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жоспарға сай өткізілетін болады. Мақсат ҚАЗАНҒАПОВ, аудандық білім бөлімінің басшысы, Талас ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар