Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Есенов қорының ерекше қолдауы

Есенов қорының   ерекше қолдауы
ашық дереккөз
Есенов қорының ерекше қолдауы
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының өкілі Аделина Мухамедиянова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне қор туралы ақпарат берді. Ақпараттық сессияның модераторы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова студенттерге аталмыш қор ұсынып отырған бағдарламалар бойынша бақ сынап, қатысуға шақырды. Бұл қор техникалық, жаратылыстану және медициналық мамандықтар бойынша жыл сайын тұрақты түрде грант бөліп келеді. Мұндағы басты мақсат – бакалавриат пен магистратураның ең үздік студенттеріне қаржылай қолдау көрсетуді және біліктілікті дамыту. Қордың бағдарламаларына еліміздегі түрлі жоғары оқу орындарының 2,3,4-курс студенттері мен магистранттар және ғылыми қызметкерлер қатыса алады. Шәкіртақы иегерлері әлемдік зертханаларда тағылымдамадан өтуге, еліміздегі ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қор осы уақытқа дейін 50-ден аса жобаны жүзеге асырып, жыл сайын қор жеңімпаздары АҚШ, Канада, Сингапур, Ұлыбритания секілді тағы да басқа елдерде білімдерін жетілдірген. Айта кету керек, студенттер 14 қарашаға дейін өз өтінімін жолдай алады. Толық ақпаратты қор сайтынан табуға болады. Ақтоты Жаңабай
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар