Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Деректерді басқару интернет-алаяқтықтың алдын алады

Деректерді басқару интернет-алаяқтықтың алдын алады
ашық дереккөз
Деректерді басқару интернет-алаяқтықтың алдын алады
«Digital Bridge 2023» жыл сайынғы ірі халықаралық цифрлық форумы аясында «Деректерді басқару = орнықты даму?» панельдік сессиясы өтті. Оған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қатысты. Сессия барысында компаниялар­дың орнықты дамуына қосылған үлес, ESG енгізудің негізгі факторы ретінде көрсеткіштердің ашықтығы мен мониторингі сияқты деректерді басқарудың үздік практикалары мен халықаралық тәжірибесі талқыланды. Панельдік сессия барысында Мария Хаджиева Қазақстанның қаржы нарығында ESG-стандарт­тарын енгізу жөніндегі Агенттіктің қабылдаған шаралары және орнықты қаржыландыру бойынша жаңа реттеуші талаптар мен ESG күн тәртібі қаржы ұйымдарының клиенттеріне, қарыз алушылар мен эмитенттерге қалай әсер ететіні туралы айтып берді. «Қаржы секторы ESG-қағидат­тарын енгізуде шешуші рөл атқарады, себебі ол қаржылық ресурстарды орнықты жобалардың пайдасына қайта бөлуді және ESG-стандарттары негізінде бизнесті трансформациялауды ынталандырады. Осыған байланыс­ты, қаржы нарығын реттеуге ESG- қағидаттарын енгізу жөніндегі міндет Агенттіктің басымдықтары мен негізгі бастамаларының бірі болып табылады. Қаржы ұйымдары «жасыл» экономиканың өсуін ынталандыруға және көміртексіздендіру саясатына елеулі үлес қосуда», деп атап өтті Мария Хаджиева. Әртүрлі жобаларға кредит бере отырып, қаржы ұйымдары өздерінің ESG-есептілігінде көрсетілген үлкен көлемдегі деректерді жинақтайды. Бұл ақпарат ESG-тәуекелдерін талдауда маңызды болуы мүмкін және мақсаты орнықты даму жобаларын іске асыруға қатысу болып табылатын инвесторлар үшін пайдалы болады. Қорытындылай келе, Мария Хаджиева банктер мен басқа қаржы ұйымдарының ESG-тәуекелдерін ескере отырып, клиенттердің тәуекелдерін бағалау тәсілдерін өзгертуі климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды қадам болатынын атап өтті. Нарыққа қатысушылар орнықты қаржы өнімдерін таңдау және орнықты дамуға басымдық беретін қаржы ұйымдарын қолдау арқылы «жасыл» экономиканың дамуына өз үлесін қоса алады. Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар