Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ

РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ
ашық дереккөз
РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ
Республика күні қарсаңында Елордада ғимараттарға 1000-нан астам Ту ілінді. Бұл іс-шара «Астана жастары» еріктілерінің бастамасымен «Менің елім – менің туым» челленджі аясында жүзеге асып отыр. Осы секілді қаламызда да 400-ге жуық іс-шара өтпек. Мереке қарсаңында облысымызда 23 нысан пайдалануға берілді. Мәселен күні кеше Жамбыл ауданында екі кіші футбол алаңы ашылса, одан кейін Т.Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылында мәдениет үйі мен Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Сол сияқты аудандарда 25 қазанға дейін күнделікті нысандардың ашылуы ұйымдастырылатын болады. «Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық акциясы аясында үйлердің қасбеттері мен терезелеріне Мемлекеттік Туды орналастыру флэш-мобтары ұйымдастырылмақ. – Рәміздерімізді тек 4 маусым күні ғана қадірлемей, осы айшықты мерекеде де көрсете білуіміз керек. Мәселен, биыл мерекенің лебі ерте сезілді. Оқушылар ашық тәрбие сағаттарын өтіп, студенттер патриоттық флеш-мобтар өткізуде. Бәрінің қолында көк Ту. Балабақшадағыларға дейін ұлттық мерекенің мәнін түсініп, тәрбиешілер оның мән-маңызын бөбектерге ұқтыруда. – Тараз қаласында жеке шаруаммен кетіп бара жатсам, ықшамауданның бірінде, көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы бір пәтердің балконында көк Туымыз жарқырап ілініп тұр екен. Мұның әбестігі жоқ шығар. Тұрғын үйлерге ілінген Ту адамға рух, бойға ерекше күш-қайрат бітіреді. Күнделікті күйбең тірліктен қажып жүрген адам үшін Рәміздерге құрмет көрсетіліп, Туымыз көкте желбіреп тұрса, кеудеңді қуаныш кернейді, – дейді көше тұрғыны Айсара Балабекова. Ш ы н д ы ғ ы н д а М е м л е к ет т і к Рәміздер – ұлттық болмысымыздың беделі. Қазақи қасиетіміздің қазынаға толы тарихын түгендеп, елдігімізді айшықтайтын нақыштардың әрбірінің өзіндік ұғымы бар. Соның ішінде көк туымыздың тұғыры қашанда төрде тұруы ұлттық руханиятымызды байытып, көкжиегімізді кеңейтіп тұрады. Желбіреген жалауды көріп, шабыттану, жігер алу – бұл нағыз отансүйгіштіктің белгісі. Сондықтан биікке өрлеген туымызды көтеріп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патриотизм! Осының барлығы қазақ қоғамының бейнесін біздің санамызда ғана емес, халықаралық аренада да мемлекетіміздің абыройын қалыптастырады. Асқақтай бер, жарқырай бер көк Ту! Республика күні мерекесі ел болғанымызды білдіріп, көңіл көкжиегімізді көтеріп ғана қоймайды. Бұл мереке қаншама жыл азаттықты аңсаған бабалар аманатының, мирас етіп қалдырған ұлан-ғайыр қарашаңырақтың қасиетін сездіріп тұрады. Тәуелсіздік пен Республика күні егемен ел ретінде есімімізді тарихқа таңба етіп басқан күн. Туды тік ұстап, тәуелсіздік тұғырын берік етіп, елдіктің еңсесін түсірмей күн кешу әрбір перзенттің парызы болуы тиіс. Келешек ұрпаққа осындай құндылықтарды мәңгілікке мұра ету де асыл міндетіміз болсын. Ұ л т т ы қ м е р е к е г е о р а й Қазақстанның Мемлекеттік Туы Грекия жерінде желбіреді. Көк байрағымыз Афинадағы ең биік Ликавитос тауына орнатылды. Гректер үшін ежелгі әрі қасиетті жерде Қазақстанның Туының ілінуі екі ел арасындағы достықты білдіреді. Тағы да Ханчоуда Қазақстанның Туы көтерілді. Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия пара ойындарына қатысуда. Зульфия Габидулина сынды еліміздің атын шығарып жүрген спортшыларымыз сонда бақ сынамақ. Эльмира БАЙНАЗАРОВА elmira231284@mail.ru
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар