Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әзімхан САТЫБАЛДИН, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»: БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК

Әзімхан САТЫБАЛДИН, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»: БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК
ашық дереккөз
Әзімхан САТЫБАЛДИН, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»: БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК
– Тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға жеке республика атанғалы да 32 жыл өтіпті. Осы жылдардың бедерінде қаншама тарих, қаншама жетістік жатыр. Егемен ел деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға байтақ әлем, ашық аспан астында өмір сүріп жатқан бақытты халық елестейді. Азаттық дегенде біз ең алдымен қазақтың қайсар батыр бабаларын еске аламыз. Себебі осы тәуелсіздіктің ауасын жұтып, сонымен өмір сүріп жатқанымыз батыр бабаларымыздың арқасы екені сөзсіз. Қазақ халқының тәуелсіз ел болуына дейінгі ғұмыры қандай қиын болды десеңізші! Расында, бұрын ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды аңсап, сол тәуелсіздік жолында күресіп, өз жанын құрбан етті. Себебі еркіндік, егемендік алу бізге оңай жолмен келмеді. Бұл батыр бабаларымыздың төккен қаны мен шайқастағы ерлігінің нәтижесі. Тәуелсіздікті аңсаған бабалар арманына біз жеттік. Олардың басты арманы тек тәуелсіздік жолындағы күресте жеңіске жету. Бодандықтан құтылу емес, сол тәуелділіктен мәңгі азат болу, ашық аспан астында мәңгі бірге ешкімнің ықтиярында жүрмей, халқының тәуелсіз ел болуын мақсат етті. Сондай-ақ тәуелсіздікті бізге аманаты етіп қалдырды. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін соғыста қаза болғандарға, ұлтын сүйгені үшін айыпталып, жазықсыз атылғандарға, желтоқсаншыларға қарыздармыз. Елін алға жетелеп, ымырашылдықпен басқарып отырған ел Президентіне рақмет. Жан-жағымызға қарайықшы. Өзге мемлекеттер бір-бірімен қырғиқабақ болып, соғысып жатыр. Бейбіт тұрғындардың берекесін қашырып, балалардың бақытты шағын ұрлауда. Сол үшін өз ішіміздегі бірлігіміз мықты болуы керек. Егемендігіміздің қадірін білейік! Қайта оралған қазынамыз, ұлттық мерекемізді ұлықтайық! Бірлігі жарасқан халық та, түрлі ұлт пен ұлыстар, этностар да, сарқылмас қазына, әсем қала, көрсе көркі тартар табиғат та, биік шың, көл мен теңіз де, бәрі-бәрі Қазақстанымыздың байтақ жерінде кеңінен көрініс тапқан. Ел ішіндегі татулық пен бірлікті, өзара құрмет пен жарастықты нығайту жолындағы ел ағаларының атқарған қызметтерін мақтанышпен айта аламыз. Кім болмасын келер күнін тек жақсылықпен тосатыны хақ. Біз бейбіт елдің астында таңымызды атырып, күнімізді батырып жүрміз. Біз бақытты елміз. Сол бақытты бағалай білу керек. Осындай киелі шаңырақта өмір сүріп жатқан әрбір жан алтын уақытын тектен-текке емес, тәуелсіздіктің сақталуы жолында жұмсағаны абзал. Сан ғасырлық тарихымызда елі үшін құрбан болған, мақтаныш тұтар тұлғаларымыз аз болмаған. Ол тұлғалар халықты арманына жеткізді. Біз Тәуелсіздік секілді ұлттық мерекені елеусіз қалдырмауымыз керек. Жан-тәнімізбен, жүрекпен сезініп, өткен тарихымызды еске ала білу – қазақ халқы үшін міндет. Республика күні – елдің тойы. Бірлігі жарасқан Қазақстанымыз талай күнді артқа тастап, қазіргі уақытта қарқынды даму үстінде. Мереке құтты болсын! «Ұлттық болмысыңды сақтағың келсе, ауылды сақта» деп, мен үнемі айтамын. Ауыл да көркейіп келеді, қалалар одан да ажарланып жатыр. Жалпы өсім бар. Қазақстанымыз жайнай берсін! ЛЕБІЗДЕР ЕГІ Әзімхан САТЫБАЛДИН, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы»: ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА – Қазақ елін бар болмысымен жақсы көретін, жүрегі ел деп соғатын азаматтың бірімін. Негізінде азан шақырып қойған есімім – Сергей Владимирович. Алайда мен Ислам дінін қабылдап, мұсылман қауымның қатарына қосылдым. Өзімді қазақтың ұлымын деп есептеген соң, есімімді де өзгерттім. Қазір Әлисұлтанмын. Қайта жаңғырған ұлттық мереке өмірімде үлкен рөл атқарады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық тұрғындармен бауырмыз. Отанымыз ортақ, тіліміз бір. Өзім нанын жеп, суын ішіп жүрген елімнің тілін, ділін, дінін, салтын, әдет-ғұрпын барынша қастерлеймін. Сондықтан ешқашан қазақ тілін шұбарлауға жол берген емеспін. Керек десеңіз қазақ тілінің жанашырымын! Ұлтын өліп-өшіп сүйген дара тұлға, ғасыр саңлағы Міржақып жайындағы «Міржақып. Оян, қазақ!» телесериалына түскенімді мақтанышпен айта аламын. Әр қазақтың жүрегінен ерекше орын алған осы кинотуындыда Смирновтың рөлін сомдадым. Бұл фильм маған көп нәрсе үйретті. Бейбіт аспан астында татутәтті өмір сүріп жатқанымыз, осы Міржақыптай саңлақтардың арқасында екенін терең ұғына түскендейміз. Республика күні – қазақ елінің сан ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, жеке мемлекет болғанын айғақтайтын ұлық мереке. Бұл мереке мемлекетімізде 1992 жылдан бастап атаулы күндер қатарына енгізіліп, 2001-2009 жылдар аралығында мемлекеттік мереке ретінде тойланды. Өкініштісі 2009 жылдан бері Республика күні атаулы күндер қатарынан алынып тасталды. Алайда Мемлекет басшысының Жарлығымен былтырдан бері қайта тойлана бастады. Өшкеніміз қайта жаңғырды деген осы. Қорыта келе айтарым, сіздерді республикамыздың әр азаматы үшін маңызы бар айтулы мереке – республика күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылуда жасаған ерліктері бүгінгі тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып саналатын осы салтанатты күні елімізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін!
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар