Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, қоғам қайраткері: БАҚЫТ ТА, БАЙЛЫҚ ТА БІРЛІКТЕ

Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, қоғам қайраткері: БАҚЫТ ТА, БАЙЛЫҚ ТА БІРЛІКТЕ
ашық дереккөз
Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, қоғам қайраткері: БАҚЫТ ТА, БАЙЛЫҚ ТА БІРЛІКТЕ
– Республика күні – еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Сондықтан бұл күн тәуелсіз қазақ елі тарихының жаңа парағы ашылған айтулы күн! Өйткені қастерлі тәуелсіздігімізге жол ашқан маңызды құжат – Қазақстанның егемендігі туралы декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданып, еліміздің саясиқұқықтық негіздері бекітілді. Ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, тілін, дәстүрін қайта түлету және дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеті болып жарияланды. Тарих безбеніне салсақ, осы күнге жету үшін атабабамыз талай қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. Болашағым бұлыңғыр демеді. Сан ғасырлар бойы азаттық үшін күресті. Өзгенің үстемдігіне деген ішкі қарсылық бодан елдің бойында бұғып жатып, сәті келгенде бұлқынып, бодандықтың қамытын үзуге тырысты. Соның бірі – КСРО дәуіріндегі жоғары биліктің шешімімен келіспеген жастардың «Қазақты қазақ басқаруы керек» деген орынды талабы. Осы тектес әр заманда еркіндікке ұмтылған ел жастарының жанқиярлық жаужүректілігі ұлттық рухымыздың сөнуіне жол бермеді. Біздің тәуелсіздікке қол жеткізуіміз бабалар арманының орындалғанын, қазақтың маңдайына тек азап жазылмағанын көрсетеді. Қазақстан бүгінде өсіп-өркендеп, әлемдік аренада аты кеңге жайылған, еңсесі биік мемлекет ретінде жоғары халықаралық беделге ие болған ел. Бүгінгі ұрпақ осы жетістікті көзбен көріп, азат елдің азаматы атану бақытына ие болып отыр. Сондықтан қай-қайсысымыз болсақ та тәуелсіздіктің қадіріне жетуіміз керек. Сол себепті жастар тәуелсіздік ең басты құндылығымыз, мемлекеттігіміздің тұғыры екенін сезініп, болашағымыз баянды болуы үшін алға қарай сауатты қадам жасауы керек. Білімі, кәсібилігі арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосып бақыт та, байлық та, құдірет те ел бірлігінде екенін естен шығармауы қажет. Сөз соңында айтарым, Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылуын өте орынды іс деп білемін. Сондықтан еліміз аңсап жеткен ең асыл аманатымыз – тәуелсіздігіміз тұғырлы, оған бастау болған Республика күні құтты болсын демекпін! Құрметті жамбылдықтар! Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мерекемен баршаңызды құттықтаймын!  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар