Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Facebook»-тің табыс табу бағдарламасы

«Facebook»-тің табыс табу бағдарламасы
ашық дереккөз
«Facebook»-тің табыс табу бағдарламасы
«Facebook» әлеуметтік желісінде «Meta»-ның негізін қалаушы Марк Цукербергтің видеосы тарады. Оның айтуынша, компания әрбір қазақстандыққа пассивті табыс табуға мүмкіндік беретін арнайы «Libra» платформасын іске қосты. Жаңалық «Хабар 24» деп аталатын аккаунтта жарияланды. Мұның бәрі алдау және алаяқтық. Ролик шыққан «Facebook» парақшасының қазақстандық «Хабар 24» телеарнасына ешқандай қатысы жоқ. Бұл өткен жылдың 2 қазанында ашылған және ештеңе жария­ламаған фейк аккаунт. Сонымен қатар парақ­шада «Хабар 24» телеарна емес, спорттық команда деп көрсетілген. Телеарнаның «Facebook»-тегі парақ­шасы «24kz» деп аталады және онда қазақстан­дықтарға арналған пассивті табыс табуға болатын «Meta» жобалары туралы жазылмаған. Цукербергтің тараған видеосының скриншотын тексергенде үзіндінің кәсіпкердің былтырғы 24 наурыздағы сұхбатынан алынғаны анықталды. Ағылшын тіліндегі түпнұсқа видеода ол компанияның даму және өсу стратегиясы туралы айтады, Қа­зақстан мен «Libra» жобасы туралы сөз қозғамайды. Айта кетейік, «Meta»-да осылай аталатын жоба болған. Кез келген адамға пассивті табыс табуға мүмкіндік беретін платформа емес, компания шығаратын криптовалюта осылай аталуға тиіс еді. Бірақ өткен жылдың ақ­панында «Libra Meta» компаниясына айтарлықтай табыс әкелмейтіні белгілі болып, жоба басқаға сатылды. Бұған дейін Марк Цукербергтің жоқ платформаны жарнамалаған орыс тілінде дыбысталған видеосы Грузияда тараған болатын. Оны фактчекерлер жоққа шығарды. «Google»-дің «цензурасы» «Google» пандемия, глобалистер және ірі фармацевтикалық компаниялар туралы барлық ақпаратты жояды. Пайдаланушылардың айтуынша, мұн­дай «цензураны» енгізу туралы шешім Дүние­жүзілік экономикалық форумның, Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ-ның ұсынысымен қабылданды. Жоғарыда аталған ұйымдар да, «Google» компаниясы да желіге цензура енгізуді жоспарлап отырғанына ешқандай дәлел жоқ. 2020 жылдың басында «Google» компа­ниясы қызметтері қастандық теориялары бар парақ­шаларға апаратын жарнамаларды көрсетуді тоқтататынын жариялаған болатын. Сонымен қатар, «Google» іздеу нәтижелерінен спам, хакерлік контенті көп сайттарды, фишинг пен әлеуметтік инженерияға байланысты күдікті ресурстарды және т.б. жасыра алады. «Google»-дан «глобалистер», «ірі фармацевтикалық компаниялар» және «әлемдік үкімет» сауалдары арқылы сайт­тарды қиындықсыз табуға болады. Дүние­жүзілік экономикалық форум ешқашан желіде немесе басқа жерде цензураға шақыру жа­риялаған емес. Ұйымның сайтында Ұлыбри­танияның онлайн-қауіпсіздік туралы заң жобасы туралы жарияланым бар, бірақ бұл жеке елде жүзеге асырылатын ДЭФ бастамасы емес, тек танысуға ұсынылған ақпарат қана. Сонымен қатар, заң жобасында цензура қарастырылмаған, тек заңсыз және қауіпті болуы ықтимал контенттің кейбір түрлері шектеледі. Өткен жылдың наурыз айында желіде ДЭФ негізін қалаушы Клаус Швабтың жалған ақпараттың көп болуына байланысты интернетті реформалау қажеттілігі ту­ралы айтқан ақпараты тараған. Фактчекерлер Шваб мұндай мәлімдеме жасаған жоқ деген қорытындыға келді, демек, таралған ақпарат жалған. ДДСҰ мен БҰҰ сайттарында онлайн режимде цензураны енгізуге үндеулер жоқ. Олай болса, «Google» жақын арада желіде цензура енгізетініне ешқандай дәлел жоқ. Мұның бәрі әшкереленген фейктер мен бұрмаланған ақпаратқа негізделген дәлелденбеген мәлімдеме. «Адам танығыш» камералар Қазнетте елімізде бетті тану жүйесі бар камералар орнатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Кейбір пайдаланушылар бұл идеяға үзілді-кесілді қарсы. Олар жеке мәліметтер желіде тарап кетуі мүмкін және кез келген адам оған қол жеткізе алатын болады деп қауіптенеді. Шын мәнінде, бұл олай емес. Пайдаланушылар Астанада қоғамдық көлікте қолданысқа енгізілетін «FacePay» жүйесі туралы жаңалыққа сілтеме жасайды. Оның жұмыс істеу принципі тұлғаларды тануға қабілетті «ақылды камераларға» не­гіз­делген. Мұндай жаңашылдық жол ақы­сын автобустағы камераға қарап төлеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл құрылғылар жүйеде тіркелмеген азаматтардың тұлғаларын анықтай алмайды. Әр адам дерекқорға өзін-өзі енгізуі тиіс. Ол үшін ЖСН енгізіп, «Telegram»-ботқа селфи жіберу керек. Елордалық билік жүйені өткен жылдың қазан айында енгізуді жоспарлаған болатын. «FacePay» екі автобуста тестілік жүйеде іске қосылды. Бірақ пандемияның басталуына байланысты сынақтар аяқталмай қалды. Жүйенің осы күнге дейін Астана қаласында да, еліміздің басқа қалаларында да қоғамдық көліктерге енгізілмеуінің де себебі осы. Қазақстанның көшелерінде бет-әлпетті тану жүйесі бар камералар жоқ. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының балансында тұлғаны тану жүйесі бар камералар жоқ. Бетті тану жүйесі енгізілмегендіктен мәліметтерді жинау жүргізілмейді», деп хабарлады ҚР ІІМ. Демек Қазақстанда «ақылды камералар­дың» көмегімен мәліметтерді жинау бойынша ауқымды шара жүргізіліп жатыр деп алаңдауға еш негіз жоқ. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар