Білім
Қазақстанның ХІ азаматтық форумында Жамбыл облысының ҮЕҰ марапатталды
- author AR-AY
- 20 қазан, 2023
- 244
Қазақстанның ХІ азаматтық форумында Жамбыл облысының ҮЕҰ марапатталды
Ағымдағы жылдың 18-19 қазан күндері Астана қаласында өткен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның ХІ азаматтық форумында ҮЕҰ арналған сыйлықақының «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» бағыты бойынша жеңімпаз ретінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті И. Дастан марапатталды.
Азаматтық технологияларды және инновациялық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешу бойынша «Таңдау» республикалық марапатына «Феникс» адам құқықтары жөніндегі ҚБ төрағасы Б.Р. Абдуллаева ие болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылығы үшін» төсбелгісімен Жамбыл облыстық «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы, кәсіпкер М.К. Лештаева, «Таразстрой - 2004» ЖШС-ның бас директоры М.А. Жүнісов, ҚХА мүшесі «Гамбург» ЖШС-нің директоры К. Георг, ҚХА мүшесі, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, «ZHEK TURAN» ЖК Ж.А. Аббосов, «АрысOilPetroleum» ЖШС-нің тең құрылтайшысы, «СтройМонтажGroup» ЖШС-нің қаржы директоры О.Б. Багбанов, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар ҚБ төрағасы А.Н. Намелбек марапатталды.
Келесі мақала