Сарысу – тағылым
Сол жақта досым, туыс, танысым да,
Сол жақта намысым да, арысым да.
Ардақтауға лайық ойы биік,
Сабақтардың бәрі бар Сарысуда.
Сарысу – сан ақынның ойдағы ісі,
Осында қазақы айтыс, тай жарысы.
Осында сәні бөлек Сарысудың,
Сарыарқа, Жаңаарқа мен байланысы.
Осында құндылықтар жасалып бар,
Дамуды өркендеген көш анықтар.
Түлеткен Сарысудың сары даласын,
Қайраткер ұл Қырықбай Асановтар.
Барлығы ел-жұртының қарапайым,
Барлығын жөніменен таратайын.
Осы аудан Айтбай сынды тұлғалар мен,
Ұмытпас қара мерген Қаратайын.
Бір тұлға әнші Сембин Амангелді,
Талантын әлем көрді, ғалам көрді.
Асанәлі, Ілья Жақановтар,
Танылар талай ғасыр жаһанға енді.
Толғауы осы менің келген ойға,
Жақсыны айтып өтем мен қалайда.
Өзі ұстаз, жазушы, шежіреші,
Алғысым мол Дүйсенбин Пернебайға.
Саңлағы Сарысудың келелі көп,
Әлі де Сарысудың берері көп.
Қырлары, қыраттары сыр шертеді,
Марқасқа Маралтайдың өлеңі боп.
Еліне келмесе де жиі күнде,
Маралтай өзінің өр биігінде.
Жесір жеңгем жетілді шамасы деп,
Кеудесін толтырады мейірімге.
Сарысу құт кетпеген тау көшінен,
Тараған тағылымы көл көмір ең.
Ардақ бар, бүкіл дала жылынады,
Сәуле салған нұрлы әннің сәулесімен.
Күн сайын ардақтаған арыс ұлын,
Шалқыған байлық, ырыс, табысы мың.
Құлпырған күннен күнге жас арудай,
Жайнай бер бағы батпан, Сарысуым!
Диана ӘБДІМАНАП,
Н.Киікбаев атындағы
мектеп-гимназияның
9-сынып оқушысы,
Байзақ ауданы