Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"Кітапхана- руханият ордасы"

"Кітапхана- руханият ордасы"
ашық дереккөз
"Кітапхана- руханият ордасы"
Кітапхананың 65 жылдық мерейтойына орай кітапхананың тарихына шолу жасап, кітапханалық жұмыстың жаңа тәсілдері мен көпшілік іс-шараларды, оқырмандарды кітапханаға тарту үшін түрлі заманауи жобалар мен бағдарламаларды қонақтар мен аудан кітапханашыларына таныстыру мақсатында «Кітапхана – білім ордасы» мерекелік кеш пен «Кітап және оқу: дәстүр мен жаңашылдық» митап ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Әбілов Меңдібай Әбілұлы – «Балдырған» журналының авторы, жазушы, филология ғылымының кандидаты; Сәттібайұлы Көсемәлі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі; Хамит Есаман – ақын, «Aq jol» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және ардагер кітапханашылар: Жақсыбаева Әлия Төлеубекқызы, Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы және Жанболатова Гүлжан Әзімханқызы бала кезінде алғашқы оқыған кітаптары туралы айтып, кітапханаға жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында «»Ай-жұлдыз» би ансамбілінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кітапхананың ең көп кітап оқыған және іс-шараларға белсене атсалысқан оқырмандары марапатталады. Оларға сымсыз құлаққаптар, блендер, ұялы телефон және бас жүлде велосипед сыйға тартылды. Облыс бойынша үздік деп танылған Сарысу, Байзақ және Меркі аудандық балалар кітапханаларының меңгерушілері өздерінің үздік іс-шараларымен, жобаларымен таныстырып, тәжірибе алмасты. Қатысушыларға «MEGA ТҰЛҒА» дамыту орталығының жетекшісі, педагог-психолог А.Сахыбаева «Балам ақылды болсын десеңіз... және бұл миссиядағы кітапхана рөлі» тренинг өткізді.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар