Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы

Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы
ашық дереккөз
Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» жобасының «Сиясы кеппеген кітап» бағыты аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Абдрахман Асылбектің 85 жылдық мерейтойына орай «Поэзия әлемінің әуезді Абдрахманы» еске алу кеші өтті. Сондай-ақ кешде ақынның 10 томдық жинағы мен орыс жазушысы И.Крыловтың мысалдары аудармаларының тұсауы кесіліп, кітапхана қорына ақын мұрагерлерінің тарапынан тарту етілі. Аталған шараға облысымыздағы ақын-жазушылар және журналистер қатысты. Кеш тізгінін журнаист Ерман Әбдиев ұстап, жүргізді. Еске алу кешінде ақынның Иван Крылов мысалдарының мазмұнын жоғалтпай, өлең құрылымын сақтай отырып, аударған сатиралық шығармаларының өзі бір төбе екенін тілге тиек еткен зиялы қауым өкілдерімен Жазушы, Елен Әлімжан, және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, ақын Қайырбек Асанов сияқты тұлғалар ақын шығармасына кеңінен тоқталып, 500-ден астам әннің авторы болған Абдрахман Асылбек жайлы естеліктер айтып, оның шығармасының кейбір қалтарыс тұстары мен тартымдылығы турасында әңгіме өрбітті. Ал Алматыдан арнайы келген ақынның жары, ардагер кітапханашы Фатима Бақтайқызы өз жадында жүрген жылы естеліктерімен бөлісіп, еске алып отырған халыққа өз алғысын жеткізді. Ақынның әндері айтылып, өлеңдері оқылған кештің соңында жары Фатима Бақтайқызына арнайы гүл шоқтары табысталып, иығына салы жабылды. Айта кету керек ақынның «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды туындылары 1955 жылы басылса, балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы «Жапырақтар» деген атпен жарық көрген. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар