Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ветеринария – салғырттықты көтермейтін сала

Ветеринария – салғырттықты көтермейтін  сала
ашық дереккөз
Ветеринария – салғырттықты көтермейтін сала
Қазақстанда ауылшаруашылығы, оның ішінде, малшаруашылығы – ежелден ата-бабамыздан келе жатқан көне кәсібіміздің бірі. Сондықтан қажырлы еңбекті талап ететін малшаруашылығы саласын тұрақты дамытудың шешуші факторлары – шаруашылықтарды білікті ветеринариялық мамандармен қамтамасыз ету және аса қауіпті індеттердің алдын алу. Елді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығы саласын, оның ішінде, малшаруашылығын дамыта отырып, өнім көлемін арттыруға баса назар аудару қажет. Ауылшаруашылығы саласын дамытуда түрлі бағдарламалар қабылданып жүр. Асыраушы сала үшін ветеринарияны дамыту, жоғары сапа стандарттарына қол жеткізу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері ерекше маңызға ие. Осы ретте фермерлерге қаржылай көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мал азығын өндіру, жылқы, қой шаруашылықтары мен етті ірі қара шаруашылығын дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын нығайту көзделген. Бүгінгі күні осындай мемлекеттік қолдаудың ықпалымен ауылшаруашылығына деген бетбұрыс түзеліп, көптеген фермерлік шаруашылықтар, ет және сүт өңдеу кәсіпорындары, мал сою пунктері ашылып, жұмыс істей бастады. Дегенмен ет және сүт тағамдарын пайдаланғанда ветеринариялық қауіпсіздікті естен шығармаған жөн. Ветеринариялық қауіпсіздік – ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын орындауымен қамтамасыз етілетін техникалық және дәрілік құрал­дардың, малшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық шара­лар кешені. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғауға қолайлы жағдайлар жасау үшін өте маңызды. Ветеринариялық қауіпсіздіктің негізгі мақсаттарына жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді. Бүгiнгi таңда облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сондықтан малшаруашылығы сала­сында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға еш кедергі жоқ. Малшаруашылығындағы ветеринариялық қауіпсіздік азық-түлік сапасын қамтамасыз етуге және адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, жануарлардың денсаулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау. Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету малшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру алдыңғы орында тұр. Ауылшаруашылығы жануарларының инфекциялық және инвазиялық (ішек-құрт) ауруларына шалдығуы, малдың қыс мезгілінде көтерем болып өлуі, ветеринарлық құжатсыз басқа жақтан мал тасымалдау, сату және ол туралы жергілікті ветеринарлық мамандарға хабарламау, тағы басқа жағдайлардың тіркелуі тікелей мал иесінің жауапкершілігінің төмендігінен орын алып отыр. Осындай себептердің салдарынан облысымыздағы тұрғындар арасында бруцеллез, туберкулез секілді адам мен жануарға ортақ жұқпалы дерттер мен және эхинококкоз, описторхоз, трихинеллез, дерматомикоз сынды биогельминтозды аурулардың таралуы белең алуда. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың өзектілігі әсіресе, ауылшаруашалық жануарларының негізгі көп бөлігі жеке аулаларда, ұсақ тауарлы, фермерлік, кооперативтік шаруашылықтарда шоғыр­лануы жағдайы кезінде едәуір өсті. Республикада мал мен құстың жұқпалы аурула­рының 200-ден астам түрлерi кездеседі. Соның iшiнде 75-i аса қауiптi түрлерiне жатады, оның көбi адам мен мал үшiн ортақ аурулар. Биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің қауіпті биологиялық факторлардан, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін қорғалу жағдайы. Биологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі. Оның өзектілігі қазіргі әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіптермен анықталады. Қазақстанда «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII Заңы қабылданды. Осы заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді. Биологиялық қауіптің негізгі көздері – жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі, эпизоотиялар, биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар, патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары. Сонымен қатар экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы, биологиялық терроризм, биологиялық қаруды қолдану биологиялық қауіптің қатарына енеді. Елімізде эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын және биологиялық қауіпсіздік қатерінен сақтау шараларын ветеринариялық қызметпен бірлесе отырып, алдын алу үшін қоғам болып, мал өнімдерін дайындаушы және өткізуші тұлғалар бірлесе жүргізулері қажет. Талғат ҚОЖАБЕРГЕНОВ, облыс әкімдігі ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар