Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ашық дереккөз
АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
11 қазанда Беларусь Республикасының Гродно қаласында Қазақстан, Беларусь және Ресей ТЖМ бірлескен алқасының оныншы отырысы өтті. Отырыстың негізгі міндеті – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі үш елдің мемлекеттік билік органдарының нормативтік-құқықтық актілері мен шешімдерін іске асыру мәселелерінде үйлестіру мен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Іс-шараға Беларусь Республикасының төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрі Александр Куренков, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей ТЖМ делегациялары қатысты. Отырыс барысында келесі жылға арналған жұмыстың басым бағыттары айқындалып, бірлескен алқа отырысының қорытынды хаттамасына және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына қол қойылды. Осыған сәйкес келесі жылы үш елдің құтқарушылары кәсіптік даярлықты жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық іс-шара өткізеді. Оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану тәжірибесімен алмасу, көпқабатты ғимараттарда, адамдар көп жиналатын объектілерде және жарылғыш заттарды өндіру және сақтау кәсіпорындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша семинарлар жоспарланған. Бірлескен отырыс аясында делегациялар азаматтық қорғау университетін, қауіпсіздік білім беру орталығын, ТЖМ Гродно облыстық басқармасының өрт сөндіру қызметінің мұражайын, лицензияланатын қызмет түрлерін сертификаттау және сараптау орталығын аралады. Сондай-ақ Біліктілікті арттыру институтының, Ұлттық ғылым академиясы Геофизиялық мониторинг орталығының және Белгидрометтің қызметімен танысты. Үш елдің бірлескен алқа отырыстарын өткізу өзара іс-қимылды дамытуға, ведомстволар арасында тәжірибе алмасуға, нормативтік құқықтық базаны нығайтуға және кадрларды даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді. Айта кету керек, бірлескен үшжақты алқаның келесі отырысы 2024 жылы Қазақстан Республикасында өтеді. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар