Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСЫ жанданады

ЖЕРДІ ҚАЙТАРУ  ЖҰМЫСЫ жанданады
ашық дереккөз
ЖЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСЫ жанданады
Жер мәселелері жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмысқа қоғамдық бақылаудың қатысуын күшейтуді тапсырды. Қыркүйек айында өткен комиссияның соңғы отырысында айтылғандай, жерді мемлекеттік меншікке қайтарудың онсыз да ұзақ үдерісін кешіктіретін негізгі кедергілер соттармен рәсімдік келіспеушіліктер және Кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптарына байланысты бұрын берілген нұсқамалар бойынша тексерулерді жүргізу мүмкін болмай тұр. Қазіргі уақытта әкімшілік мәселелер шешіле бастаған. Ауылшаруашылығы министрлігі соттардың ауылшаруашылық жерлерін қайтару жөніндегі талаптарды қараудан бас тартуына байланысты мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Алгоритмді қазіргі уақытта Ауылшаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері қолдануда. Бұдан бөлек қайтарылған жерлерді пайдалануға алу конкурсына қатысуға тең әрі ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жерлерін беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын әзірлеген. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, құжаттың басты мақсаты – әр санат үшін белгіленген критерийлер бойынша шаруашылықты жаңадан бастаушылар үшін және жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге ауылшаруашылық жерлерін беру үшін бөлек конкурс өткізу. «Қағидалардың жаңа редакциясында инвестициялардың болжалды көлемі бойынша балл беру алынып тасталады және ауылшаруашылық саласындағы жұмыс тәжірибесі, саладағы маманның дипломы, ауылдық жерде тұру, мүмкіндігіне қарап, ауылшаруашылық техникасын есепке алу және басқа да жаңа әрі неғұрлым объективті критерийлер енгізіледі», деді Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов. Жер ресурстарын басқару комитеті жер учаскелері тартып алынған тұлғалардың тізілімін жасайды. Бұл тізілімге енгендер алдағы үш жыл ішінде жер ала алмайтын болады. Жерді пайдаланбағаны үшін 10-нан 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік және жер салығының базалық мөлшерлемесін 20 есеге ұлғайту белгіленген. Сонымен қатар жиында «АМANAT» партиясымен бірлесіп, қайтарылған жерлерді қайтадан әділ бөлуді қоғамдық бақылауға алу үшін «Жер Аманат» жобасы іске қосылғаны айтылып, атқарылған жұмыстың нәтижесі баяндалды. Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес барлық көтерілген мәселелерді мұқият пысықтап, нәтижелерін бір айдан кейін өтетін келесі отырысқа шығару туралы шешім қабылданды. Жалпы 2022 жылдың басынан бері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару коми­тетінің бөлімшелері жалпы алаңы 6,2 миллион гектарды құрайтын жер пайда­ланушыларға қатысты 2 593 жоспардан тыс тексеру жүргізген.Нәтижесінде 3,8 миллион гектар алқап бойынша Жер заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы (2022 жылы – 2,5 миллион гектар, 2023 жылы – 1,3 миллион гектар) 1 815 ұйғарым енгізілген. Сондай-ақ 302,2 мың гектар алқап бойынша 180 материал сот органдарының қарауында жатыр. 2022 жылдың басынан бері мемлекетке 8,6 миллион гектар (2022 жылы – 5,4 миллион гектар, 2023 жылы – 3,2 миллион гектар) ауылшаруашылық жері қайтарылған. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 2,8 миллион гектар ауылшаруашылы жерлерін игеруге кірісті. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар