Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БӘРІ ДЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН

БӘРІ ДЕ  ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН
ашық дереккөз
БӘРІ ДЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов министрліктің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жаңа орналасқан жеріне барды. Сапар барысында орталықтың және «Қазавиақұтқару» АҚ қызметімен және негізгі міндеттерімен таныстыру жүргізілді. Жедел бөлімшенің күнделікті қызметінде пайдаланылатын қолда бар автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі іске асыру мен табиғи өрттердің мониторингі жүйесін жаңғырту, су тасқынын болжау, халықты хабардар ету, авиаборттарды қадағалау және ұшу құрамын даярлау бойынша міндеттер қойды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінде жеке жоба бойынша дайындалған азаматтық қорғау органдарының жаңа командалық-штабтық машинасы таныстырылды. Машина дала жағдайында жедел штабтың жұмысын қамтамасыз етуге арналған. Командалық-штабтық машинасы – өрістету орындарында интернетті қоса алғанда, байланыстың барлық заманауи түрлерімен жедел штабты қамтамасыз етеді. Бұл төтенше жағдайларды жоюға тартылған азаматтық қорғау органдары мен қызметтерінің бөлімшелерін басқаруға мүмкіндік береді. Командалық-штабтық машинаның бұл моделі министрліктің аумақтық бөлімшелерін одан әрі жарақтандыру кезінде қолданылатын болады. Командалық-штабтық машинаның компьютерлік және перифериялық техниканың толық жиынтығымен жабдықталған. Машина экипажының автономды тұруы үшін тұрмыстық жағдайлар жасалған. Автокөлік көптеген тіршілік, бақылау және барлау жүйелерімен жабдықталған. Ал командалық-штабтық машинаның жобасының авторы және әзірлеушісі – Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық байланыс торабының бастығы, подполковник Руслан Атынтаев. Жеке жоба бойынша командалық-штабтық машинаны жасау үшін 2 жыл уақыт кеткен. Айта кету керек, алғашқы көлікті Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті сатып алды. Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатында түнгі уақытта жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 38 адам және 9 техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша, өрт аталған оқу орнының мәжіліс залында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде туындаған. Шартты оқиға орнында өртті сөндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Өртсөндірушілердің жедел және сауатты жүргізген әрекеттерінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелмеген. Оқу-жаттығу қорытындысына сәйкес жеке құраммен шараның нәтижелері талқыланды. Мұндағы мақсат – өрт кезінде түрлі жағдайларда күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыруды практикалық тұрғыдан оқыту, бөлімшелердің жеке құрамы мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының тактикалық дағдыларын жетілдіру. «АR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар