Алматылық алаяқ
Алматы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент өкілдері 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, түрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметін ұсынған.
Сондай-ақ алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда әсер ету үшін жұмсалған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ер адам басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Келесі мақала
Өмірде жоқ инвестициялық жобалар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024