Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ФЕЙК НЕСИЕЛЕРГЕ СЕНБЕҢІЗ

ФЕЙК НЕСИЕЛЕРГЕ СЕНБЕҢІЗ
ашық дереккөз
ФЕЙК НЕСИЕЛЕРГЕ СЕНБЕҢІЗ
«Facebook» әлеуметтік желісінде 2 пайызбен 90 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеу туралы ақпарат тара­ты­лу­да. Бұл ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алу немесе бизнес ашу ұсы­ны­лады. Мұндай жомарт ұсыныс­тарға сенбеген жөн. Неге екенін түсіндірейік. Алдымен хабарлама мәтініне назар аударайық. Біріншіден, онда несиелерді банк немесе қандай да бір қаржы ұйымы емес, жеке тұлға беретіні айтылған. Екіншіден, қарыз валютасы қазақстандық теңгемен емес, қырғыз сомасымен көрсетілген. Мұның бәрі алаңдаушылық тудырады. Желіден іздеп, жеке тұлғаның несие беру туралы ұсыныстары шетелде де аз емес екені анықталды. Мысалы, Сингапурда алаяқтар осылай әрекет етеді екен. Олар «қарыз алушылармен» байланысып, көрсетілген шотқа несие рәсімдеу үшін белгілі бір комиссия жіберуді сұрайды, содан кейін жоғалып кетіп, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермейді. Сондай-ақ желіде күдіктеніп, жалған несие берушілерге ақша жіберуден бас тартқан адамдардың әңгімелері бар. Бұл ретте оларды жеке деректерін жариялаймыз деп бопсалаған. Қазақстанда мұндай алаяқтық әрекеттері туралы БАҚ-та өткен жылғы қарашада хабарланды. «Whats App» арқылы қомақты соманы несиеге алу ұсынылды. Мұндай қулыққа тап болғандар туралы хабарланған жоқ. Алаяқтардың құрығына түспес үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз. Жасұлан БАҚЫТБЕКҰЛЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар