Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өмірде жоқ инвестициялық жобалар

Өмірде жоқ инвестициялық жобалар
ашық дереккөз
Өмірде жоқ инвестициялық жобалар
Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев «Қарашығанақ мұнай» компаниясының директорымен бірлесіп іске қосқан платформаның жарнамасы таралуда. Оған кез келген қазақстандық инвестиция сала алады, ал ҚР Қаржы министрлігі тұрақты төлемдер жасап тұруға кепілдік береді. Әрине, мұның бәрі өтірік! ҚР Президентінің ресми сайтында мұндай платформа туралы ақпарат жоқ. Анығында, Мемлекет басшысы және оның ресми сайты ешқашан жарнамамен айналыспайды. Оның үстіне Қазақстанда «Қарашығанақ мұнай» деп аталатын компания тіркелмеген. Ашық мәліметтерге сәйкес, Қарашығанақ кен орны «Petroleum Operating B.V» компаниясына тиесілі, оның қатысушылары италиялық «ENI», голландиялық «Shell», америкалық «Chevron» және т.б. шетелдік компаниялар. ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның барлық азаматтарына тұрақты төлемдер төленетініне кепілдік беретіні туралы ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі тағы жоққа шығарды. – Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарының дивиденттер төленетін бір инвестициялық платформаға қатысуы туралы ақпарат тарады. Жазбада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевтың суреті тіркелген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар жасаған, бұл фейк ақпарат. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз», деп хабарлады министрлік өкілдері. Жасұлан БАҚЫТБЕКҰЛЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Алматылық алаяқ
Алдыңғы мақала
Алматылық алаяқ

Ұқсас жаңалықтар