Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біз — бақытты ұрпақпыз!

Біз — бақытты  ұрпақпыз!
ашық дереккөз
Біз — бақытты ұрпақпыз!
Cәлеметсіз бе, құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп, алғыс айту үшін хат жолдап отырмын. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыстың қаншама адамды қисапсыз қасіретке ұшыратқаны мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы – қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1 418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді. Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген. Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп, жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды, қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айырылудың азабын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, сіз және сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты. Сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз. Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес «Жеңімпаздар» болып қала бересіздер. Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарыңызға Президент кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін. Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Құрметті ардагерлер! Шынымды айтсам, бұрын-соңды ешқашан мұндай хат жазып көрмеппін. Алайда сіздер ардагер болғандықтан бұл мен үшін үлкен құрмет деп ойлаймын. Бұл хатта ең бірінші мен сіздерге деген ризашылығымды білдіргім келді. Мен ғана емес, бүкіл қазақ жұрты сіздерге өте риза деп ойлаймын. Әңгімелерді тыңдаған сайын мен біздің батырларға қатты таңғалатынмын. Біріншіден, мен олардың батылдығына, екіншіден, олардың шыдамдылығына, үшіншіден, рухының күштілігіне қарап әлі күнге дейін таңғаламын. Осы күні базбіреулер «1941-1945 жылдары КСРО мен Германия арасында болған соғысқа қатысушыларды «Ұлы Отан соғысының ардагері» деп айтуға болмайды. Өйткені біздің қазақстандықтар ол кезде қазақтың жерін емес, КСРО-ның жерін қорғады. Олар тек екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар» деген сарында ойын айтуда. Мұны мен жаңсақтық, тіпті үлкен қателік деп білемін. Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз! Балнұр Өмірәлиева, №11 орта мектептің 11-сынып оқушысы, Тараз қаласы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар