Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алтын құрсақты аналар ардақталды

Алтын құрсақты аналар ардақталды
ашық дереккөз
Алтын құрсақты аналар ардақталды
Демографияны көтеру – басты алғышарт. Бүгінде халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде көне шаһар тұрғындарының саны 420 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Тараз қаласы бойынша 2010-2022 жылдар аралығында жалпы 2 634 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 316 ана «Күміс алқа»-мен марапатталды. Былтырдың өзінде 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды. Осы орайда жуырда қала әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарды «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрге сай, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары табысталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығы бойынша, 3 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 24 анаға «Күміс алқа» берілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар