Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан қоржынында үш алтын

Қазақстан қоржынында  үш алтын
ашық дереккөз
Қазақстан қоржынында үш алтын
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының алтыншы күніне де келіп жеттік. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 524 спортшы еліміздің намысын қорғап жатыр. Соңғы қорытынды бойынша, еліміз әзірге жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 3 күміс және 16 қоламен 11-орында келеді. Шыны керек, өзге елдің спортшылары алтын мен күмісті күреп алып жатқанда біздің қоржынға тек қола ғана түсіп жатты. Тек сәрсенбі күн сәтті болып, алғашқы алтынға әупірімдеп қолымыз жетті. Стенд атудан Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина үштігінен құралған әйелдер құрамасы финалда басымдық танытып, алтын медальді иеленді. Мерген қыздар Қытай мен Тайланд командасынан оқ бойы озды. Ал кеше 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында қазақтың мерген қызы Зухра Ерназарова алтын медаль иегері атанып, жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Шымкенттік Зухра осы жылы Оңтүстік Корея елінде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жасындай жарқылдап, алтын медаль иеленген болатын. Еліміздің қоржынына үшінші алтын медальді Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд ату турнирінің аралас жұптық сайысында салды. «Скит» жаттығуының финалында Қазақстан спортшылары Кувейттен келген қарсыластарынан айла асырды. Кеше кешкі сессияда боксшыларымыз өнер көрсетті. Өкінішке қарай, ел үміт артып, алтын күткен Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) әккі қарсыласы, өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан 1/8 финалда 4:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал команда капитаны, 71 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов қытайлық Пейчен Ваннан 4:0 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті. А.Болатқызы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар