«Адалдыққа бір қадам» жобасы аясында кездесулер өтті
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды.
Бұған дейін аудан тұрғындары арасында тұрмыстық жемқорлық деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама қорытындысына сәйкес тұрмыстық жемқорлық тәуекелдері жоғары ретінде көрсетілген денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Сала мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сапалы қызмет көрсету, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу керектігі айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан пара ұсынатын жағдайда дереу агенттіктің «1424» колл-орталығына хабарлауға шақырды.
Келесі кездесу білім саласының мамандарымен өтті. Себебі аудан тұрғындарының пікіріне сәйкес осы сала да тұрмыстық жемқорлық көптеп кездеседі. Балаларды адалдыққа үйретіп, білім нәрімен сусындататын орда ол мектеп екені анық. Алайда білім саласында кездесетін жемқорлық фактілері осы саланың беделіне нұқсан келтіруде. Департамент басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров білім беру ұйымдарының басшылары осы саладағы жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойып, аудандық білім бөлімі бұл жұмыстағы бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.
Келесі кезекте Даурен Даниярбекұлы «Бизнеске жол» жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Салық жүйесі мен төлем жолдары бойынша бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлердің шешілмей жатқан проблемаларын сұрап, жеке мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Келесі мақала
СЕНСАЦИЯ... БЕС ДӘННЕН, 1000 АСҚАБАҚ...
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024