Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Антикор» аудандық жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына қатысты

«Антикор» аудандық жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына қатысты
ашық дереккөз
«Антикор» аудандық жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына қатысты
Жамбыл ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Д.Омаровтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті. Онда сыбайлас жемқорлық схемалары үшін негізді жоюға және парақорлық жағдайларды барынша азайтуға бағытталған шаралар талқыланды. Комиссия отырысы барысында «Адалдыққа бір қадам» жобасы аясында ауданда бір аптада атқарылған жұмыстар нәтижесі қорытындыланды. 900-ден астам аудан тұрғыны қатысқан сауалнама қорытындысы бойынша тұрмыстық жемқорлық тәуекелдері жоғары ретінде денсаулық сақтау (217 респондент, 23,8%), білім (153 респондент, 16,8%), жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (101 респондент 11,1%) салалары көрсетілген. Осыған сәйкес, аудан әкімі «Мансап» орталығының басшылығы мен аудандық аурухана басшылығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, аудан әкімінің аппарат басшысы ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, жоба аясында бір апта көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жоба аясында ауданда 15 іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам адам қамтылған. Шалғай ауылдарға дейін ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы 12-мыңнан астам аудан тұрғынына ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында Д.Омаров тұрғындар арасында жиі сауалнама жүргізіп, халықпен тығыз жұмыс жасау керектігін жеткізді. Әлеуметтік салаға байланысты, аудандық полиция қызметімен бірлесіп, әлеуметтік қолдау және қайтарымсыз гранттар бөлу барысында кездесетін алаяқтыққа және үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын заңсыз әрекеттерге тоқтау салу үшін тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шара қолдану бойынша ұсыныс берілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының мамандары кәсіби және сапалы қызмет көрсетуіне баса назар аудару қажеттілігі туралы айтылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар