Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – нарық сұранысы

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – нарық сұранысы
ашық дереккөз
КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – нарық сұранысы
Облыстағы 44 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 26 164 студент білім алса, оның 16 284-і, яғни 62 пайызы мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда. Жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша биылғы жаңа оқу жылына республикалық бюджет есебінен 2 950, жергілікті бюджет есебінен 3 400 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев баяндады. Мұхит Аманқұлұлының айтуынша, өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында мемлекеттік аттестациялау өткізілген. Нәтижесінде 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік колледж алқашқы реттен аттестаттаудан өткен. 27 колледж қайта аттестаттаудан өткізілді. Сондай-ақ биыл 2 колледжде ротациялау жүргізіліпті. – 2020-2021 жылдары колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж 14 мамандық бойынша 3,7 миллиард теңгеге заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Олардың жетеуі аудандарда орналасқан. Ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа 18 колледж («Қазфосфат», «Имсталькон», «Палацио») бейіндері бойынша беріліп, үшжақты меморандумдар жасалды. 2022-2023 оқу жылында 44 колледждің 37-сі, яғни 84 пайызы 57 мамандық бойынша 6 406 студентті дуальдік оқытумен қамтыды. 2022-2023 оқу жылында кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес 257 орын мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттер қабылданды. Яғни 96 жұмыс берушімен колледж арасында келісімшарт жасалды. 2023-2024 оқу жылына бұл көрсеткіш 350 орынға артты. Өткен жылы барлығы 5 921 түлектің 4 679-ы жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 3 627 түлектің 3 018-і жұмыспен қамтылған. Зейнетақы төлеу орталығының мәліметінебойынша, жалпы 5 921 түлектің 3 651-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 3 627-сі мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген түлектің 3 018-і жұмыспен қамтылған, – деді спикер. Айжан ӨЗБЕКОВА aizhan-uzbekova@mail.ru
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар